‼️‼️‼️ 1.ӘДЕПТІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ — ИІЛІП СӘЛЕМ БЕРГЕНІ. 2. ЕЛШІНІҢ ҚЫЛЫШЫ — ТІЛ. 3. КІШІПЕЙІЛДІЛІК — КІСІНІҢ КӨРКІ. ‼️‼️‼️ ӘДЕПТІЛІКТІҢ, ЕЛШІНІҢ, КІШІПЕЙІЛДІЛІКТІҢ СӨЗДЕРІНЕ СӨЗ ҚҰРАМЫНА, ЛЕКСИКА-ГРАМ/Қ ТАЛДАУ ЖАСАЙСЫЗДАР...
‼️‼️‼️БЕЛГІСІ, ҚЫЛЫШЫ, КІСІНІҢ СӨЗДЕРІНЕ СӨЗСАЗЫНДЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАЙСЫЗДАР...
Жолға шыққан жолдан табылар
Айналыс та болса жол жақсы,
Ақсақ та болса қыз жақсы.
Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.
Алыс жолға шығар болсаң, алдымен жолдасыңды сайла.
Жаудың алдын алар болсаң, алдымен қолбасыңды сайла.
Алыс жүрсең де жолмен жүр.
Алыс сапар алғашқы кадамнан басталады.
Арқан бойы соқпақтың, тұсау бойы төтелігі бар.
Атар таңға жүрсең де батар күнге жүрме.
Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі.
Ауыр жол атанды сынайды, Ауыр іс адамды сынайды.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.
Жалпы, қазақ халқының қалыптасқан салт-санасына ой жүгіртсек отбасын құрау мәселесіндегі басты ұстанымы қалайда ұрпақты тез көбейтуді мақсат еткен деуге болады. Қазақта еркек те, әйел де өзін ата-бабасы мен ұрпағы арасындағы өткел ретінде өмір сүруді басты ұстаным еткен. Сөйтіп ер адам ұрпақ көбейту мақсатымен ғана бірнеше әйелге үйленетін болған. Ал қазақ әйелдері бәйбіше болса да, тоқал болса да күйеуінен ұрпақ көбірек тарағанын мақсат етіп өмір кешуді парыз санаған. Тоқалдан туған балаларды бәйбіше бауырына басып өзінің құрсағынан шыққандай сүйіспеншілікпен өсірсе, бәйбішеден туған балаларды тоқалдар да анасы ретінде сүйіспеншілікпен қабылдайтын болған. Сірә, соғыстан, індеттен қынадай қырылған қазақ тез көбейіп ұлан-ғайыр жерді иеленіп, қорғауды басты мақсат етсе керек. Қазіргі кезде де қазақ халқы үшін мықты мемлекет болу үшін, елдің, жердің шын мәнінде иесі болу үшін демографиялық өсімді еселеп арттыру ең басты мақсат болып отырғаны айтпасақ та ұғынықты болса керек.