В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
navozovaleksejj
navozovaleksejj
25.07.2021 21:53 •  Қазақ тiлi

1)Где учился?2)знания?3) грамоты,почетные звания? Талапбек Сұлтанбеков​

Показать ответ
Ответ:
Nikita43242
Nikita43242
25.12.2022 13:15
Қазы – жылқы етінің кәделі  мүшелердің бірі. Ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. Қазыны ішекке тығады. Әр қос қабырғадарың  ішкі жағындағы  шеміршегін кесіп тастайды. Ішекке тығу үшін қабырғалардың арасын ажыратып тіліп, әр қабырғаға май мен етін тең етіп бөледі, бірақ ет пен май қабырғадан сылынып қалмауы керек. Қазыны ішекке тығар алдында  тұздап, 2-3  тәулік тұзын бойына сіңіріп қояды. Содан кейін 1-2 сағат суық  суға салады. Содан кейін ішекке тығып, екі басын біріктіріп байлайды. Содан соң сырыққа немесе керілген жіпке 8-10 сағат іліп, жел қақтырады. Қазы және қос қазы формасы жағынан жарты шеңберге ұқсас болып жығады. Қазыны ыстау, сурлеу үшін түтінге 13-27 сағат ыстайды. Қазыны 2-2,5 сағатқа жайлап пісіреді. Қазыны  сыйлы қонақтарға басқа асқан етке қосып береді. Қазыны ыстық күйінде де,тоңазытып тажеуге болады. Қазыға: 400г қазы, 2-3 сарымсақтың бөлігі  қосады.  Бұрышпен тұзды татымына қарай салады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ЛюБИмИЦа55
ЛюБИмИЦа55
24.12.2022 09:13

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім?

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім? деген сұраққа жауап берер болсам, ең ұзақ тоқсан болып саналатын үшінші тоқсанның аяқталуын осы жолы тағатсыздана күттім. Себебі, биылғы көктемгі демалысымды әдеттегідей қалада емес, алтын бесік саналатын ауылда өткізетін болдым. Наурыз мейрамын қайнаған тірліктің ортасы ауылда өткізетіндіктен, бұл мейрамды асыға күттім. Сонымен, демалыс басталысымен мен ауылға жол тарттым. Бұл жерде «Наурыз – Думан» атты мерекелік іс –шараға қызу дайындық басталып кетіпті. Ауылдың ортасында киіз үйлер бой көтеріп, олардың іші ұлттық нақышта көркемделіп қойыпты. Тура Наурыз тойланатын күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, орталық алаңға жинала бастады. Ауыл – аймақтың барлығы осында, жастар алтыбақанға мініп, асыр салып ойнап жүр. Апалардың біреулері Наурыз көже өзірлеп, ет асып жатса, басқалары бауырсақ пен шелпек дайындауда. Наурыз - Думан ауыл әкімінің құттықтау сөзімен басталып, ары қарай сахналанған көрініске ұласты. Осы күні ауылда жақын ауылдық жерлерден жиылған шабандоздар арасында аламан бәйге ұйымдастырылып, бас жүлдеге біздің ауыл тұрғыны ие болды. Мерекелік іс  - шаралар бірнеше күн бойы жалғасын тапты. Мен көктемгі демалысымды осылайша қызықты өткізіп, тіпті демалыстың бітіп қалғанын да байқамай қалыппын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота