В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Дженитка
Дженитка
21.04.2023 08:29 •  Қазақ тiлi

1. Халықаралық түркі ақындарының сыйлығына ие болған ақын?

А) Қ. Мырза Әли

Ә) Қ.Жұмаділов

Б) М.Мақатаев

В) Т.Молдағалиев

Ақын Дулат Бабатайұлы өмір сүрген уақытты көрсетіңіз?

А) 1801-1834

Ә) 1802-1847

Б) 1856-1873

В)1861-1887

3. Ғабиден Мұстафин өмірсүрген жылдар?

А) 1902-1985

Ә) 1903-1986

Б) 1904-1987

В) 1905-1988

4. «Менің пірім Сүйінбай», «Ленинградтық өренім» өлеңдерінің авторы?

А) Дина Нүрпейісова

Ә) Сүйінбай Аронұлы

Б) Жамбыл Жабаев

В) Бауыржан Момышұлы

5. Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?

А) 1840 жылы 25 қазанда

Ә) 1842 жылы 2 қарашада

Б) 1841жылы 20 қазанда

В) 1844 жылы 5 қазанда

6. «Сұлушаш», «Ботагөз » романдарының авторы?

А) М.Жұмабаев

Ә) С.Мұқанов

Б) М.Әуезов

В) Б.Майлин

7. Шоқанның шын аты?

А) Шыңғыс

Ә) Абылай

Б) Нұрсұлтан

В) Мұхаммедханафия

8. Қадыр Мырза Әли қашан, қай жерде дүниеге келген?

А) 1934 жылы Ақтөбе облысы

Ә) 1933 жылы Шымкент облысы

Б) 1935 жылы Орал облысы

В) 1936 жылы Жамбыл облысы

9. «Ах-ха-ха-хау» өлеңінің авторы?

А) С.Торайғыров

Ә) М.Дулатов

Б) М.Әуезов

В) Ж.Аймауытов

10. «Қан мен тер» трилогиясының авторы?

А) Ә.Нүрпейісов

Ә) Ә.Тәжібаев

Б) Қ.Аманжолов

В) Ж.Аймауытов

11. Алматы қаласында Абай Құнанбаев атында не бар?

А) оқушылар сарайы

Ә) консерватория

Б) баспа

В) университет, опера театры, ескерткіш, даңғыл.

12. Әбділда Тәжібаев қашан, қай жерде дүниеге келген?

А) 1907-1995 жылы Шымкент қаласы

Ә) 1905-1998 жылы Ақтөбе қаласы

Б) 1908- 1994 жылы Жамбыл қаласы

В) 1909-1998 жылы Қызылорда қаласы

13. Махамбет Өтемісұлы қашан, қай жерде дүниеге келген?

А) 1846 жылы Шығыс Қазақстан облысы

Ә) 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы

Б) 1838 жылы Орталық Қазақстан облысы

В) 1818 жылы Солтүстік қазақстан облысы

14. «Қартқожа» романының авторы?

А) І.Жансүгіров

Ә) М.Жұмабаев

Б) Ж.Аймауытов

В) С.Торайғыров

15. «Дауыл», «Нар тәуекел», «Талғар» лирикалық өлеңдерінің авторы?

А) Ғ.Мұстафин

Ә) Қ.Аманжолов

Б) Ж.Аймауытов

В) М.Жұмабаев

16. Қазақ халқының ұлы ақыны кім?

А) М.Әуезов

Ә) Ш.Уәлиханов

Б) Ы.Алтынсарин

В) А.Құнанбаев

17. Мұқағали Мақатаев қашан, қай жерде дүниеге келген?

А) 1930 жылы Талдықорған облысы

Ә) 1929 жылы Семей облысы

Б) 1928 жылы Ақтөбе облысы

В) 1931 жылы Алматы облысы

18. Ахмет Байтұрсынұлы қашан, қай жерде дүниеге келген?

А) 1873 жылы Қостанай облысы

Ә) 1837 жылы Жамбыл облысы

Б) 1872 жылы Ақтөбе облысы

В) 1871 жылы Семей облысы

19. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім?

А) А.Құнанбаев

Ә) М.Дулатов

Б) М.Әуезов

В) С.Сейфуллин

20. «Адасқан өмір» поэмасының авторы кім?

А) М.Дулатов

Ә) М.Жұмабаев

Б) С.Торайғыров

В) І.Жансүгіров

21. «Көшпенділер» трилогиясының авторы?

А) Ә.Тәжібаев

Ә) Ғ.Мұстафин

Б) Қ.Аманжолов

В) І.Есенберлин

22. С. Торайғыров қашан, қай жерде дүниеге келген?

А) 1896 жылы Ақмола облысы

Ә) 1892 жылы Талдықорған облысы

Б) 1894 жылы Ақтөбе облысы

В) 1893 жылы Көкшетау облысы

23. «Батыр Баян» поэмасының авторы?

А) М.Дулатов

Ә) М.Жұмабаев

Б) С.Торайғыров

В) І.Жансүгіров

24. Ғабиден Мұстафин өмірсүрген жылдар?

А) 1902-1985

Ә) 1903-1986

Б) 1904-1987

В) 1905-1988

25. «Дауылдан кейін» романының авторы?

А) І.Жансүгіров

Ә) Ж.Аймауытов

Б) Ғ.Мұстафин

В) Ғ.Мүсірепов

26. «Абай жолы » романының авторы?

А) А.Құнанбаев

Ә) М.Әуезов

Б) М.Жұмабаев

В) І.Жансүгіров

27. «Құлагер» поэмасының авторы?

А) М.Жұмабаев

Ә) А.Құнанбаев

Б) І.Жансүгіров

В) Ж.Аймауытов

28. Беймбет Майлин кім?

А) ұстаз, бас редактор

Ә) ақын, драматург, сатирик, прозаик

Б) молда, әнші

В) аудармашы, сыншы

29. Жүсіпбек Аймауытовтың мектеп мұғалімі болған жылдары?

А) 1922-1924

Ә) 1921-1923

Б) 1923-1925

В) 1924-1926

30. «Еңлік-Кебек» трагедиясының авторы?

А) М.Әуезов

Ә) Б.Майлин

Б) М.Дулатов

В) Ж.Аймауытов​

Показать ответ
Ответ:
romchik238
romchik238
26.03.2022 16:43
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
0,0(0 оценок)
Ответ:
DANIKom
DANIKom
29.10.2020 19:04

Барша ұлттың мәдениетін, салт - дәстүрін құрметтеу - біздің міндетіміз.

"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл әрбір халықтың мәдениеті мен өркениетін, салт - дәстүрін құрметтегеннен деп ойлаймын.

Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.

Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін. Сондықтан "Ынтымақ түбі — игілік" дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!

Объяснение:

.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота