1. Италияның географиялық жағдайын Грекиямен салыстыр. 2. Патшалық және республика кезеңдеріндегі Римге салыстырмалы талдау жасаңдар.
Қандай өзгерістер байқадыңдар?
3. «Бөліп ал да, билей бер» саясатының мәні неде?
4. Рим ең қуатты державаға айналу үшін қандай елдерді бағындырды?
5. Спартактың іс-әрекетіне баға беріңдер. Көтерілісшілер мақсатына жете алды ма?
Ер бала әкесiмен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бiр әрекет жасау үшiн әуелi әкесiмен сырласады. Ер баланың өсiп, жетiлiп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенiң атқарар еңбегi ерекше. Қазақ халқында «Бiр бала бар — атадан өте туады, бiр бала бар — керi кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негiз қалайтын да әкенiң өзi.
Ер адамдардың көбi ұл баланың туғанын асыға күтедi. Бұл түсiнiктi жағдай: ұлды өзiнiң жалғасы ретiнде көредi, ұлға дәулетi болмаса да (бiрақ кейбiр кезде дәулет туралы да сөз болады), өзiнiң өнерiн, шеберлiгiн, бiлiмiн мирас етiп тастап кетем деп үмiттенедi.