1. Көп мағыналы сөзді табыңыз. Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр. A) Жақындаса
B) Адам
C) Жалпиған
D) Обаның
E) Басында
2. Мақалды табыңыз.
A) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
B) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.
C) Ғылым таппай мақтанба.
D) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
E) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.
3. Көнерген сөздің қанша топқа бөлінетінін анықтаңыз.
A) 3
B) 2
C) 6
D) 5
E) 4
4. Моңғол тілінен енген сөзді табыңыз.
A) Ұшақ
B) Тарих
C) Тұрба
D) Кәмпит
E) Нөкер
5. Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз. Аммиак, азон.
A) Биология
B) Физика
C) География
D) Химия
E) Математика
6. «Ы» дыбысына тән сипаттаманы табыңыз.
A) Жуан, езулік, қысаң
B) Жіңішке, еріндік, қысаң
C) Жуан, еріндік, ашық
D) Жіңішке, езулік, қысаң
E) Жуан, езулік, ашық
7. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.
A) Кеңшілік, дәурен, қадір
B) Қауіп, қатер, күнә
C) Сабыр, салмақ, сәлем
D) Сезім, төзім, білім
E) Көмек, кітап, бағбан
8. Дауыссыз дыбыстар санын анықтаңыз.
A) 30
B) 27
C) 26
D) 24
E) 25
9. Қатаң дауыссыздан басталған тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Көзінен таса қылмау
B) Мұрнына исі бармау
C) Аузын майлау
D) Жаны мұрнының ұшына келу
E) Беті бүлк етпеу
10. Сөз соңында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.
A) ғ
B) ң
C) у
D) й
E) һ
11. Ашық буынның ережесін белгілеңіз.
A) Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.
B) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.
C) Дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
D) Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
E) Дауысты дыбыстардан ғана тұратын буын.
12. Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.
A) Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
B) Бірлік болмай, тірлік болмас.
C) Ынтымақтың түбі – игілік.
D) Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды
E) Баланың бас ұстазы – ата–ана.
13. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын анықтаңыз.
A) –нікі, –ов, –тал.
B) -қой, -мен, -лық.
C) -пен, -лы,-қой.
D) -тар, -лер, -паз.
E) -дық, -дік, -хана.
14. Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз.
A) Тату үйдің тамағы тәтті.
B) Қымызы бар үйдің қызығы бар.
C) Жұмысы бағу еді.
D) Піл көтермегенді тіл көтереді.
E) Арықтың жілігі татымас.
15. Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.
A) – сыз, -сіз.
B) – лық, -лік.
C) – гер, -паз.
D) – ырақ, -ірек.
E) – шы, -ші.
1. Қос сөздердің жасалу жолдары.
Екі сөздің бір-бірімен қосарлануы я бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді қос сөздер дейді: жөн-жоба, ойын-күлкі, асықпай-саспай, айта-айта, сауық-сайран т.б.
Қос сөздер екі түрлі: 1) қайталама қос сөздер, 2) қосарлама қос сөздер.
Қайталама қос сөздер- бір сөздің қайталануы арқылы жасалады: ойдым-ойдым, жалп-жалп, сала-сала, үйден-үйге, бетпе-бетт.б.
Қайталама қос сөздердің 4 түрлі жасалу жолы бар:
1.Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы,жылға-жылға,су-су,қарқ-қарқ,тау-тау,ұасқ-ұсақ т.б.
2.Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы: ауызба-ауыз, көзбе-көз, үй-үйге, өзінен-өзі, өзімен-өзі т.б.
3.Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.Мысалы: кісі-місі, қағаз-мағаз, жалт-жұлт, тас-мас нан-пан, кемпір-семпір т.б.
4.Бір сыңары ықшамдалып жасалады.Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.
Қосарлама қос сөздер- сөздердің бір-бірімен мен қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: ағайын-туған, ата-ана, ел-жұрт, қадір-қасиет т.б.
Қосарлама қос сөздер 5 түрлі жолмен жасалады.
1.Сыңарлары синонимдес болып келеді.Мысалы, ашу-ыза, өнер-білім, қазан-ошақ, төсек-орын, мінез-құлық т.б.
2.Сыңарлары антонимдес болып келеді.Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.
3.Бір сыңары мағынасыз болып келеді.Мысалы, бала-шаға, киім- кешек, кедей-кепшік,емін-еркін т.б.
4.Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.Мысалы,анда-санда, ығы-жығы,ту-талақай, ұйпа,тұйпа т.б.
5.Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді.Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени,үнді-еуропа т.б.
2. Зат есімнің мағыналық түрлері.
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап береді.
Зат есімнің 4 мағыналық түрі бар.
Жалпы есім - біркелкі заттарды , құбылыстарды жаппай атайтын сөздер.
Жалқы есім арнайы берілген есімдер мен атаулар.
Деректі зат есім ол нақтылы тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есімдер.
Дерексіз зат есім көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары.
3. Біріккен сөздердің қажетті сыңарын тауып жазу.
Қонақүй
Үштөбе
Ботакөз
Ешкім
Жетіқарақшы
Таңертең
Дәрі-дәрмек
Шаңсорғыш
Мектепалды
Жезтаңдай
Әнеукүні
Қолшатыр
Елбасы
Бағдаршам
Ғаламтор
Саябақ
Тасбақа
Менің сүйікті тағамым
Әр адамның сүйсініп жейтін тағамы бар. Маған келер болсақ, менің сүйікті тағамым – палау. Палау Орта Азияда ең танымал тағам болып саналады. Және оның дайындау тәсілдері де әр түрлі. Әр аспаздың палау әзірлеуде өзіндік құпиялары болады.
Ал мен үшін анамның әзірлеген палауы – ең дәмді. Әдетте анам палауды қой етімен дайындап, оған сәбіз бен жуа турап, тұздан басқа ешқандай дәмдеуіштер қоспайды.
Палаудың әзірленуіне тоқтала кетсек, ең алдымен майды қатты қыздырып, оған жуаны қуырып аламыз. Жуа қызара бастаған кезде сәбізді салып, араластырамыз. Сәбіз сәл жұмсара бастағанда етті қосып, жақсылап қуырып аламыз. Татымына қарай тұз қосып, сәл су құйып, бір қайнатып алу керек. Қазаныңыз қайнаған кезде алдын ала жуылған күрішті салып, үстінен күріш батып тұратындай су құйып, қатты отты қосып қайнатамыз. Қайнаған соң астын басып, ақырын жай отта 35 минут шамасында бетін жауып, араластырмай, пісіреміз.
Палауымыз дайын болғанда үлкендеу ыдысқа салып, үстінен аскөк не болмаса көк жуаны майдалап тураймыз.
Палау – өте дәмді тағам,сондықтан мен оны сүйсініп жеймін!