1.Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды табыңыз. *
А) Заман, кесте, көңіл.
B) 2 кг алма, тары, мол.
С) Байланыс, төбе, сандық.
D) Жілік, соқпақ, бала.
E) Қуаныш, кезең, мәтін.
2.Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз. *
А) Ілік, атау, барыс.
B) Ілік, жатыс, шығыс.
С) Барыс, табыс, жатыс.
D) Табыс, жатыс, шығыс.
E) Жатыс, шығыс, көмекес.
3.Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз. *
A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
B) Кең болсаң, кем болмайсың.
C) Ол әрең келеді.
D) Абай қатты қуанды.
E) Мұның тамыры тереңде.
4.Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз. *
A) Ағырақ, көкше.
B) Қуаң, бозаң.
C) Сұрша, бозғыл.
D) Аппақ, аса терең.
E) Сарғылт, күреңдеу.
5.Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз. *
A) Кішірек, көкше.
B) Көкшіл, көктеу.
C) Сұрлау, көкшілтім.
D) Көкпеңбек, шымқай қызыл.
E) Қоңырқай, сұрлау.
6.Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз. *
A) Жазбақпын.
B) Айтармын.
C) Келмеспіз.
D) Сөйлепті.
E) Тартты.
7.Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз. *
A) Қарайтынмын.
B) Айтқанмын.
C) Келіппін.
D) Болыпты.
E) Өсіпті.
8.Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз. *
A) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді.
B) Жетек сұрақтар арқылы жасалған сөйлем.
C) Ерекше эмоциямен айтылатын сөйлем.
D) Көңіл-күйді білдіретін сөйлем.
E) Бұйрық не шартты райға –шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған сөйлем.
9. -ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз. *
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем
10.Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді атаңыз. *
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
11.Сөйлем түрін белгілеңіз.Жібермесем, сағы сынады-ау( )Тәуекел, жіберсем бе екен( ) *
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем
12. Есімше деген не? *
a) Жұрнақ арқылы жасалған сөз
b) Екі түбірден құралған сөз
c) Сөйлемде екі түрлі мәнде , екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі
d) Бір түбірден тараған сөздер
13. Қайсысы есімшенің жұрнақтары емес? *
a) -атын , -етін, -йтын,-йтін
b) -а,-е,-й
c) -ғалы, -гелі ,-қалы, - келі
d) -ып,-іп,-п
14. Келер шақтың неше түрі бар? *
a) 5
b) 4
c) 3
d) 2
15. Жедел өткен шақты табыңыз. *
a) Тарс-тұрс
b) Ары-бері
c) баяндады
d) Қолма-қол
16. Бұрынғы өткен шақты жасайтын жұрнақтар қайсы? *
a) - ды,-ді,-ты,-ті
b) -а,-е,-й
c) -мақ, -мек, -бақ,-бек
d) - қан,-кен, -ған,-ген
17. Нақ осы шақтағы сөздерді табыңыз. *
a) отыр, тұр, жатыр, жүр
b) хабарласатын, келетін
c) баяндады
d) Қара торы
18. Ауыспалы өткен шақты табыңыз. *
a) Хабарласатын, келетін
b) Япыр-ай
c) Баяндады
d) Ұш-ақ
19.Сөздердің байланысу тәсілінің қанша түрі барын белгілеңіз. *
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 2.
E) 5.
20.Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз. *
A) Жиналыстан кейін.
B) Қазыбектің жоспары.
C) Қамысты көл.
D) Туыс адам.
E) Орта мектеп
Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
Объяснение:
Қазақстан Республикасы жайлы сұрақтар:
1. Қазақстанның жер аумағы қандай және әлем бойынша нешінші орында?
Қазақстанның жер аумағы 2 724 902 км², әлем бойынша 9 орында.
2. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?
Қазақстан Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытаймен шекаралас.
4. Қазақстан Республикасының астанасы?
Астана қаласы.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
6. Экономиканың негізгі бағыты қандай?
Экономиканың негізгі бағыты - отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік).
7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы?
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге.
8. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады.
9. Қазақстанның ірі қалалары?
Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент.
10. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қазақстан Республикасының елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы қандай?
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды.