1. Күрделі етістікті анықтаңыз. А. жақсы көру Б. сөйлей беру В. қызмет ету Г. қанағаттану Д. Сұрау 2. Нақ осы шақтың дара түрін көрсетіңіз. А. отыр Б. сөйлеп отыр В. келмек Г. жазбас Д. сұрастырған 3. Болымсыз етістікті белгілеңіз. А. сыйлау Б. сөйлеп отыр В. көрсетіңіздер Г. айқайламаңыздар Д. сұра 4. Есімше жұрнағының қатарын белгілеңіз. А. -са Б. -айын, -ыңыз, -ыңдар, -ыңыздар, -сын В. -атын, -мақ, -ар Г. -ып, -а, -ғалы Д. –дағы 5. І жақтағы (көпше) етістікті табыңыз. А. келгенбіз Б. сөйлей берсін В. көмектестім Г. қайтыңыздар Д. Сұрастырыпты 6. Сөйлеп келе жатқан еді – құрамындағы негізгі етістікті көрсетіңіз. А. еді Б. жатқан еді В. сөйлеп Г. келе Д. келе жатқан еді 7. Тұйық етістікті көрсетіңіз. А. тұрып жатыр Б. тексерген В. жоспарламақ Г. есеп беру Д. жүргізіледі 8. Сөз табын анықтаңыз: «қажеттілік». А. зат есім Б. сын есім В. сан есім Г. үстеу Д. етістік 9. Ауыспалы келер (осы) шақты белгілеңіз. А. көрсетті Б. көрсетеді В. көрсетпек Г. көрсеткен Д. көрсетер 10. Өткен шақтың қатарын белгілеңіз. А. бұрынғы, жедел, дағдылы (ауыспалы) Б. мақсатты, болжалды, ауыспалы В. мақсатты, бұрынғы Г. нақ (күрделі, дара), ауыспалы Д. ауыспалы, бұрынғы 11. Болжалды келер шақтың жұрнағын белгілеңіз. А. –ып Б. –мақ В. –ған Г. –а Д. –ар 12. Талап ете біледі – етістік құрамындағы зат есімді көрсетіңіз. А. талап Б. ете В. ете біледі Г. талап ете біледі Д. жоқ 13. Есімше тұлғалы етістікті көрсетіңіз. А. тұрып жатыр Б. тексерген В. жоспарламақ Г. есеп беру Д. жүргізіледі 14. Зерттеушілердің – қай септікте тұрғанын анықтаңыз. А. жатыс Б. барыс В. көмектес Г. ілік Д. табыс 15. Көп ақша – сөз тіркесі қай модельге сәйкес келеді? А. сын есім + зат есім Б. етістік + зат есім В. үстеу + зат есім Г. сан есім + зат есім Д. есімдік + зат есім
1)Киіз үй тарихынан. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың ВЫЫ ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.