1. Көшпелілер өркениеті – мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп – қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті. Көшпеліліктің шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық табиғи – климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялық жүйесі қандай? Әдетте, бұл – далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200 – 400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен – көл суларының маңайында ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан.
Алматы қаласына саяхат.
Нұрлыбек: Күзгі демалыстың басталуын сондай асығыс күтіп жүрмін... Енді төрт күн қалды.
Еркеғали: Неліктен сонша күтіп жүрсің?
Нұрлыбек: Ата – анам осы жолы демалыс уақытында Алматы қаласына отбасымызбен барып, демаламыз деп уәде берген болатын.
Еркеғали: Қандай, керемет! Мен Алматыда әлі болып көрген жоқпын. Әсем қала деп естігенім ғана болмаса.
Нұрлыбек: Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой.
Еркеғали: Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Серуенлейтін жерлер де көп шығар?
Нұрлыбек: Әрине, өте көп. Әркім өзінің жан қалауы бойынша серуендейтін жер таба алады. Бірақ, міндетті түрде Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көру керек деп есептеймін. Сонымен қатар, Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки теуіп, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына бару міндетті деп санаймын. Бұлар, енді, ойын – сауық орталықтарын қоспағанда ғана.
Еркеғали: Мен де сәті түскенде барармын. Саған сәтті сапар тілеймін!
Нұрлыбек: Рахмет, Алматының әйгілі апортын сәлемдеме ретінде алып келемін.
1. Білімді ұрпақ дегеніміз , мектепте тиянақты білім алып, оны мектептен кейін, өзіне ұнайтын мамандыққа оқумен жалғастырып, сол алған мамандығымен білімін іс жүзінде қолданатын ұрпақ.
2. Қазіргі заманда біз қандай болуымыз керек? Біз көп білетін, білімді, жан- жақты, заман ағымынан қалыспай білімімізді шыңдап отыратын адам болуымыз керек.
3. Еліміздің ертеңі кімнің қолында деп ойлайсың? Еліміздің ертеңі жаңа технологияны жақсы меңгерген, оны өмірдің барлық саласында қолдана алатын, білімді жастардың қолында.
4. Еліміздің дамуы үшін жас ұрпақ қандай болуы керек? Жас ұрпақ тәрбиелі, мәдениетті, еңбекқор, ізденуден жалықпайтын, ерінбейтін, білімді болуы керек.
5. "Біз Егеменді елдің ертеңіміз" дегенді қалай түсінесің? Бұл сұрақтардың бәрі де білімге келіп тіреледі. Егер мен білімсіз болсам, ізденбесем, айналадағы жаңалықтардан хабарсыз болсам, қалай мен елімнің ертеңімін ,- деп айталамын. Еліміздің ертеңі болу үшін, әр азамат өз үлесін қосуы керек. Елді көркейтуге, білімді дамытуға, жаңалықтар ашуға, халық денсаулығын сақтауға, немесе үлкен өндірістерді дамытуға ат салысуы керек,-деп түсінемін
Объяснение: