1. Кемеңгер Ибн Сина өз сөзінде не айтқысы келді? А Әдетте, тәні сау адамның жаны да сау болады
B. Cпорт мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр болады.
с Спорт түрі әркімнің өз таңдауына байланысты болады.
D. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады.
Мектеп асханасы туралы.
Біздің мектебіміздің асханасы екінші қабатта орналасқан. Асхананың іші кең, әрі жарық, биылғы жылы ішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи жиһаз бен тұрмыстық техникамен жабдықталды.
Асхана таңғы сағат 8 – ден түскі сағат 4 – ке дейін жұмыс істейді. Асханадағы аспаз апайлар күнделікті жаңа тағамдар әзірлеп, ас мәзірін жаңартып отырады. Сонымен қатар, асханада мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары тегін түскі тағаммен қамтылған.
Біз асханаға үлкен қоңырау кезінде барып, ыстық тәтті тоқаш немесе бәліштермен шай ішкенді ұнатамыз. Асханадағы тағамдар өте дәмді!
Асханадағы әзірленетін тағамдарды үнемі мектеп медбикесі тексеріп, жыл маусымына байланысты барынша көп табиғи дәрімендермен қамтылуын қадағалап отырады.