1. «Кер құла атты Кендебай» ертегіге сай тақырыпты белгілеңіз. А. Ердің атын ел шығарады.
Ә. Көз – қорқақ, қол - батыр.
Б. Батыр туса, ел ырысы.
В. Еңбек ерлікке жеткізер. [1]
2. «Қобыланды батыр жыры» қай жанрға жатады?
А. Драмалық
Ә. Трагедиялық
Б. Комедия
В. Эпостық [1]
3. «Түсіремін атып,- деп, кәміл пірлер болса жар»,- деген Қобыландыға Естемістің айтқанын белгіле.
А) Құртқа деген қызы бар...
Ә) ...Батаңды бер, көке
Б) Көктім аймақ ханы бар
В) Жіберуге қорқамын, тілімді алсаң, рұқсат жоқ. [1]
4. ... – Досым Кендебай, іздеген жоғың алыста емес, осы арадан табылады... деген үзінді ертегінің қай бөлігінен алынған?
А) Хан мен балалары
Ә) Кендебайдың ерлігі
Б) Керқұла ат пен Кендебай
В) Кендебай және қойшы бала [1]
5. – Бие құлындаған да жоқ, еш нәрсе де болған да жоқ,- деп жауап береді. Әңгімедегі қай кейіпкердің сөзі екенін анықтаңыз.
А) ханның балаларының
Ә) ханның кіші қызының
Б) Кендебайдың
В) жетім баланың [1]
6. Асан есіміне қайғы сөзінің қосылуын 3-4 сөйлеммен түсіндір.
[2]
7. Тұтқынға түскен Қобыландыға кім көмектесті? Көмектесуі дұрыс па?
[2]
8. Құртқаның бойынан қандай ерекшеліктерді көре алдың? Ойыңды 3-4 сөйлеммен жеткіз.
[2]
9. Көкқұтан мен қарабай
Көтеріліп ұшқанша
белінен басып асады үзіндіде қандай көріктеу құралы қолданылған? Қолданысын 3-4 сөйлеммен түсіндір.
[2]
10. «Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті...» деген үзіндідегі ертегіге тән сипаттарды анықтаңыз. Өз тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз.
[2]
11. Қалай ойлайсыңдар, Асанқайғы іздеген жер қандай болуы мүмкін? Ойыңды аңызбен байланыстыра отырып жаз.
Объяснение:
2.B
11. Асан Қайғы жпрі шұрайлы,сулы,адамдары жүзге келмей өлмейтін,сыртқы жау келмейтін,халықына жайлы орын іздеген. Оның атын Жерұйық деп атаған.