Шоқан 1935жылы Қостанай облысы Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Ол Абылай ханың шөбересі (Абылай=> Уали=> Шыңғыс=> Шоқан). Шоқанның шын аты Мұхаммедханафия. Оны Шоқан деп еркелеткен əжесі- Айғаным. Шоқан зерек, білімге құштар бала болып өсті. Оның рухани өсуіне көп адамдар əсер еткен. Алғашқылардың бірі болып өз əжесі Айғаным. Одан соң Шоқанның əкесі Шыңғыстың үйіне қонақ болып келген дана, ойшылдар,кейіннен досы Потанин де өз əсерін тигізген. Құсмұрындағы мектептен мұсылманша білім алып, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренген. Шоқан кадет корпусында жақсы оқыған ол туралы досы Г.Н.Потанин: өз досының өте зерек, білімді екенін көп жазған. Потанин Шоқан туралы:"Өзінің бізден артық білетіндігін,не бізден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тыры да, жолдастарының арасында болатын жəй əңгімеден-ақ, оның білімі бізден артықтығы танылып қалатын"-,деп жазады. Шоқан 1865жылы 30-ға қараған шағында дүниеден өтеді. Шоқан- қазақтан шыққан алғашқы ғұлама ғалым.
1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:
- Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.
Бөлтірік: «Иә», - деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.
Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға.
Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің тасасында отырған қағылез қайыстай қара жігіт қарғып тұрып пернесі жоқ қомузын жоғары төмен түсіре ойната сабалап, ашшы айқайдан бет ауызы құбылып ашуын тоқтата алмай:
Ау, Сүйінбай, Сүйінбай,
Тоқтат енді сөзіңді.
Ояйын ба көзіңді!
Ақынмын деп ойлайсың,
Мен тұрғанда өзіңді.
Басыңнан өлең жаудырып,
Бір құрайын тезімді.
Барың болса қарышта,
Барар жерің сезілді.
Келіп қапсың байқамай,
Өлетұғын жеріңе.
Қазулы тұрған көріңе,
Көрсетейін көзіңе.
Ажал айдап келген соң,
Саған өлім тегінді.
Деп ентігін басып «қатырдым ба?» дегендей қасында отырған қара Бәйтікке қарап құптау күткендей болып еді. Бәйтік құптау ықласын білдірмеді де бірден сөз бастамай бөгеліп қалған Сүйінбайдан көзін аудармады. Қатағанның екпіненен жасқанған Тезек төре мысы басылғандай болып қабағын көтермей отырғанда Бөлтірік шешен:
Потанин Шоқан туралы:"Өзінің бізден артық білетіндігін,не бізден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тыры да, жолдастарының арасында болатын жəй əңгімеден-ақ, оның білімі бізден артықтығы танылып қалатын"-,деп жазады. Шоқан 1865жылы 30-ға қараған шағында дүниеден өтеді. Шоқан- қазақтан шыққан алғашқы ғұлама ғалым.
1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:
- Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.
Бөлтірік: «Иә», - деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.
Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға.
Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің тасасында отырған қағылез қайыстай қара жігіт қарғып тұрып пернесі жоқ қомузын жоғары төмен түсіре ойната сабалап, ашшы айқайдан бет ауызы құбылып ашуын тоқтата алмай:
Ау, Сүйінбай, Сүйінбай,
Тоқтат енді сөзіңді.
Ояйын ба көзіңді!
Ақынмын деп ойлайсың,
Мен тұрғанда өзіңді.
Басыңнан өлең жаудырып,
Бір құрайын тезімді.
Барың болса қарышта,
Барар жерің сезілді.
Келіп қапсың байқамай,
Өлетұғын жеріңе.
Қазулы тұрған көріңе,
Көрсетейін көзіңе.
Ажал айдап келген соң,
Саған өлім тегінді.
Деп ентігін басып «қатырдым ба?» дегендей қасында отырған қара Бәйтікке қарап құптау күткендей болып еді. Бәйтік құптау ықласын білдірмеді де бірден сөз бастамай бөгеліп қалған Сүйінбайдан көзін аудармады. Қатағанның екпіненен жасқанған Тезек төре мысы басылғандай болып қабағын көтермей отырғанда Бөлтірік шешен:
- Ей, Төрем, көтер басыңды, қашырма қаныңды! Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе? Аздап булығып отыр. Сүйінжан, шығар даусыңды! – дегенде Тезек төрені ұйқысынан шошытып оятқандай селк еткізіп айқайға басты. Сүйінбай бәйгеден оза шауып, шашасына шаң жұқтырмайтын жүйріктей, қамшы салдырмай толғап кетті