В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История

1. Кестедегі суреттер мен сөздер арқылы мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын болжап көр. Ойыңды дәлелде.
Бүгін
Ертең
Күн ұясына қызарып батса, күн ашық болады​

Показать ответ
Ответ:
Bluka23
Bluka23
29.01.2021 09:00

Көшпелі халықтар ауа райын табиғат құбылыстарына, жан-жануарлар мен құстардың тыныс-тіршілігіне қарап болжаған. Мұндай болжамдарды көне көз қарияларымыз әлі де айтып келеді.

Бүгін назарларыңызға ауа райын табиғат құбылыстарына қарай қалай болжағаны туралы айта кетпемін:

Күн құлақтанып батса, ауа райы оңалуға тиіс.

Күн құлақтанып шықса, ауа райы суытып, жауын-шашын болуға тиіс.

Күн қораланса, қар қалың түседі.

Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады.

Күн батарда көк жиек ашық болып, қызыл шапақ шашса, ауа-райы жылынады.

Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтеріледі.

Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңінде ыстық болады.

Ай қораланса, қыс қатты болады.

Ай шалқалап туса, ауарайы мал-жанға жайсыз болады.

Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-біріне алшақ болса, ауа райы мал-жанға жайсыз болады.

Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-біріне жақын болса, ауа райы мал-жанға жайлы болады.

Үркер суға түссе, ауа-райы жауынды болады.

Үркер суға түссе, ауа-райы жауынды болады.Үркер қырға түссе, құрғақшылық болады.

Жаз айларында көк жүзі бозаң тартса, қыс қатты болады.

Қыста бұлт желге қарсы көшсе, көп кешікпей қар жауады.

Бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы күрт бұзылады.

Бұлт шет пұшпақтап ыдыраса, ауа райы оңалуға бет алғаны.

Көк жиектен будақ бұлт шығып, өркештене көтерілген кезде ыдырап кетсе, қатты жел тұрып, үскірік аяз болуға тиіс.

Көк жиектен көтерілген будақ бұлт көк жүзін жапса, аттың қара қапталынан келетін қар жауады.

Ұзақ уақыт оңтүстіктен соққан жел бағытын өзгертіп, шығыс жақтан соғатын болса, ауа райы оңалады.

Егер ұзақ уақыт оңтүстіктен соққан жел бағытын өзгертіп, батыстан соқса, ауа райы бүлінеді. Онда жаз болса аңызақ жел соғып, қыста ызғырық соғады.

Шық қалың түссе, шөп қалың бітеді.

Шық қалың түссе, шөп қалың бітеді.Көктемнің алғашқы жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады.

Жаздың желтеңі қыстың боранына сай келеді.

Жаздың желтеңі қыстың боранына сай келеді.Жаз құйынды болсағ қыс қатал болады.

Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.

Жаз найзағайлы болса, қыс жұмсақ өтеді.

Шөп буыны ерте қатса, қыс жайсыз болады.

Сарымсақ қабығы қалың бітсе, қыс қатты болады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота