1. Кестені қолданып, тиісті қосымшаны жалғап жаз/ Используя таблицу, подбери соответствующие окончания . Мен бүгін хатшыға айт...(-айын/-ейін). Сіз осы хатты бүгін оқы...(-ңыз/-ңіз). Ол білгенін жаз..(-сын/-сін). Біз бүгін орнымыздан тұр...(-айық/-ейік.Сендер мұны көр (-ыңдар/-іңдер). Сіздер есікті сыртынан қатты жап...(-ыңыздар,-іңіздер). Олар өздерінің міндетін біл...(-сын/-сін).
Сөз мәдениеті— әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
«Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру «Сөз мәдениетіне» жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану «Сөз мәдениетіне» нұқсан келтіреді. «Сөз мәдениеті» сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. «Сөз мәдениеті» теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі «Сөз мәдениетінің» дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.
Ертегі
Тапқыр қоян
Ертеде аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:
— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.
Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.
Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:
— Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.
— Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып.
Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:
— Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады.
Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады.
Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:
— Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.