1. Ұлбике сынды қазақтың ақын қыздарынан кімдерді білесіңдер? 2. Өздерің білетін қазіргі айтыскер ақын қыздарды атаңдар. 3. Ұлбикенің Майлықожаға қай- тарған жауабы туралы өз ойла- рыңды айтыңдар.
Музыка – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
Кешіріңіз, теміржол вокзалы қайда екенін көрсете аласыз ба?
Балам, вокзал келесі көшенің соңында орналасқан.
Сізге көп рахмет, сау болыңыз.
Сен жол жүрмекшісің бе, қазір сапар шегу дұрыс емес қой, үйде отыру керек.
Жоқ, жәй сұрағаным ғой.
Анықтама бюросы неге жабық екен?
Ол бүгін жұмыс істемейді.
Билет сататын кассаларда жұмыс істемейді ме?
Ия, бәрі жұмыс істемейді.
Онда, енді не істейміз?
Жол жүрмейсіз, үйде отырып демалу керек.
Бұл жерде тексеру бекеті жоқ па?
Бар, міндетті түрде тексеріліп өтесіз.
Сізге кіммен кездесу керек еді?
Жолсерік досым келуші еді.
Жолаушылар жүрмейтін болды ғой, ол туралы барлық газет- журналдар, телеарналар, бүкіл БАҚ хабарлауда, сондықтан досың келмейтін болар.
Ия, телефонмен қоңырау шалып сұрармын, сізге рахмет, сау болыңыз.
Объяснение: