Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Қауынды да жаңа піскен күйінде жеңсік ас ретінде қолданады. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді. Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады. Жемістерін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларында қолданады және жүрек-қантамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолдану ұсынылады. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы қолданады.
Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім, Шыр етіп, жарық дүние келген жерім. Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш, Айналдым, мен өзіңнен туған жерім. Бұлақтар бастау алған Алатаудан, Өзен боп Аспарамдай сарқыраған. Кең дала, сай-төбелі, шыбырым бар, Бұл менің, туған жерім Қызыл Еңбек. Жаз жайлау болған сонау Қасқасуым, Көк майса, қызыл, сары гүлге толған. Арша мен шырша өскен тау бөктерлеп, Айналдым жер ұйығым туған жерім. Тастақты мекен еткен менің елім, Бау-бақшаң жайқалады туған жерім. Еліме нәр бергіңде, сән бергіңде, Көркейіп, гүлдене бер туған жерім.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/2063-tugan.html#read
© www.ZHARAR.com