1.Ұлы Жібек жолы – қоғамда адамзат тарихындағы аса бір маңызды жетістіктерінің бірі. 2. Ол – Еуропа және Азиямен Жерорта теңізінен басталып, Қытайды кесіп өтіп, сол заманғы Батыс пен Шығысты байланыстырған үлкен сауда жолы. 3. «Жаңа Жібек жолы» атты жобада Қазақстанның Азия аймағында ең ірі іскерлік және транзиттік хабқа айналуы туралы айтылған. 4. 2013 жылы Астанада Назарбаев Университетінде болған кездесуде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арқылы «Жібек жолының экономикалық белдеуін құру» туралы идеясын ұсынды. 5. Сондықтан Ұлы Жібек жолының Экономикалық белдеуін қолдау бойынша халықтар достығын күшейту мақсатында Қытай Халық Республикасы «Ұлы Жібек жолымен мыңдаған ли» атты Халықаралық Экспедицияны ұйымдастырды. найди основные словосочетания
Талап
Жоспар
1. Ауладағы құм төбелер
2. Нұрталап пен Задагүл
3. Оқуға баратын уақыт
Аулаға мәшинемен құм төгілді. Сол құмдарға екі кеме орналастырылды. Біріншісінде «Сұңқар» және екіншісінде «Аққу» деген жазу бар. Сол құмтөбелерде Нұрталап пен Задагүл ойын ойнады.
Задагүл дәрігер болып, Нұрталаптың ғарыш кемесіне ұшуға дайындығын тексерді. Нұрталап дәрігердің ақыл – кеңесіне дән риза болып тұрғанда апасының дауысы естілді. Апасы балконнан мектепке баратын уақыт болғандығын ескертті. Бірден көңлі түсіп кетті. Ғарышқа ұша алмай қалатынына ренжіді.
Задагүл оған бүгін сабаққа барып кел, ертең ғарышқа ұшамыз деді. Нұрталап кәдімгідей қуанып кетті.
Объяснение:
Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!