В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
69fff96fff69
69fff96fff69
29.08.2021 05:36 •  Қазақ тiлi

1-мәтін Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы, сәуір айының 29 күні Қосуақтам шатқалында, Орал облысының Темір уезінде Темір-Уркачевск болыстығында (Қазіргі Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданы), орта шаруа отбасында дүниеге келді. Ахметтің музыкаға деген қабілеті ерте оянды. Алты жасында домбыра тартып, ән салды. Жеті жасында оны Уркачевскідегі екі жылдық училищеге оқуға береді. Оның алғашқы мұғалімі Құсайын Әжіғалиев жан-жақты, өте тартымды адам еді. Ол Ахметке түрлі аспаптарда – домбыра, балалайка, мандолин, скрипка аспаптарында ойнауды үйретті.
А.Жұбанов өте зерек оқушы болды, ол көп нәрсені жан-жағындағы білімді адамдардан үйренді. Араб және парсы тілдерін өзінің жерлесі, Уфадан демалысқа келген, кейін белгілі жазушы болған Ж.Тілепбергеновтен үйренді. Ахметке үлкен әсер еткен, Орынбордағы «Хусаиния» медресесінде оқитын Құдайберген деген үлкен ағасы еді. Ол көптеген қызықты кітаптар әкелетін Жұбановтар үйі балаларының жан-жақты болып қалыптасуына көптеген газеттердің көмегі болды. Ахметтің отбасына 1919 жылы қайғы төнеді. Ауданға тараған сүзек ауруынан әкесі қайтыс болады. 1921 жылы ашаршылықта үйдегі малдың бәрі қырылады. Ахметке ерте бастан жұмыс істеуге тура келеді. Ол басында хатшы болып, одан кейін «Шаңырақ» оқу үйінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.
2-мәтін
- Белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек ағамыз өзінің «Күй шежіре» атты кітабында «қазақта неше мың күй болса, оның қосарлана айтылатын соншама аңыз-әңгімесі бар» дейді. Ал мына шыққан антологиядан күй аңыздары тыс қалып қойыпты.
- Иә, осы жинақты жасар кезде оны да ойластырып, күй аңызымен қатар, нотасы да қоса берілу керек деген жоспар болған. Бірақ уақыттың тығыздығынан күй аңыздарын кіргізіп үлгере алмадық. Ал енді нотасын қоссақ, бірнеше том кітап шығады ғой. Жалпы аңызымен нотасын қосып шығарғанда жүдә жақсы болар еді.
- Әрине қағазға түсірсеңіз бірнеше кітапқа арқау боларлық күй аңыздары бар екендігі белгілі. Дегенмен оларды дискіге түсіруге болар еді ғой. - Дұрыс айтасың, бұл менің ойымда жүрген нәрсе. Мәдениет және ақпарат министрінің ойында да болуы керек. Осы мәселемен сол кісіге кіргім келіп жүр. Қолдау болса, оны да жасайтын боламыз.
- Осы антологияның тұсаукесерінде сөз сөйлеген Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «келесі жылы осы күйлердің ішіндегі оркестрге арналғандарын іріктеп алып, оркестрдің орындауында 5 дискімен 100 күйді шығармақ ойымда бар» деген болатын. Аталған жинақтың шығуына басшылық жасаңыз деген ұсыныс түспеді ме? Жалпы ол жинаққа қандай күйлер енуі мүмкін?
- Министрлік тарапынан әлі ондай ұсыныс түсе қойған жоқ. Менің ойымша, бұл жинақ та жан-жақты, яғни 7 күйшілік мектептің барлығын да қамтуы қажет. Оған Дәулеткерей, Құрманғазы, Тәттімбет сияқты күйшілердің халықтың ұғымына сіңісті болған сүбелі-сүбелі күйлері енгені дұрыс. Мәселен, Шығыс Қазақстаннан «Сал күрең», Арқадан «Көкейкесті», «Саржайлау», батыстан «Сарыарқа», «Адай», Жетісудан «Аққу», «Ата толғау», Маңғыстаудан «Ақсақ құлан - Жошы хан», Қаратаудан «Майда қоңыр», сыр өңірінен «Нар идірген» сияқты күйлер енсе, жақсы болар еді.

1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы

Стилі

Мазмұны

Тілі

Қорытынды

Показать ответ
Ответ:
ιιIαγρμα
ιιIαγρμα
21.09.2021 15:04

Объяснение:

Біліміңді тексер

1. Аграрлық төңкерістің өнеркәсіп төңкерісінен ерекшелігі неде?

2. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерістің алғышарттарын ата.

3. Өнеркәсіп төңкерісінің дамуы қандай салаларды қамтыды?

4. Қандай жағдайлар жұмысшылар ортасында наразылық тудырды?

5. Капитализмнің мануфактуралық даму сатысынан фабрикалық даму сатысына

өтудің барлық алғышарттарын атап көр.

6. Неге ХІХ ғасыр тарихқа «мәшине» ғасыры, «темір» ғасыры ретінде кірді?

7. Аристократияның буржуазиямен қосылуына, «жаңа» таптың қалыптасуына

қандай жағдайлар себеп болды?

8. XIX ғасырдың екінші жартысында «орта таптың» қоғамдағы рөлі қандай

болды?

9. Буржуазия қандай қасиеттерімен ерекшеленді?

0,0(0 оценок)
Ответ:
Atems564
Atems564
10.06.2020 07:53

Берілген екі мәтін бойынша салыстырмалы талдау жасау.

Екі мәтіннің ұқсастығы: Берілген екі мәтінде де қазіргі заманда ғылымның  дамып, адам өмірін жеңілдетету үшін ойлап табылған құралдар жайлы айтылған. Бұл ойлап табылған жаңа технологиялар адам өмірін жақсартады.

Айырмашылығы: Бірінші мәтінде адамсыз жүретін көліктер жайлы айтылса, ал екінші мәтін - ұялы телефон жайлы.

Негізгі идеясы: Бірінші мәтін бойынша: өзі жүретін көлік адамдардың тұрмыс – тіршілігін жеңілдетіп, қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді.  Себебі жасыл желек көбейіп, ал көлік қоятын орындар керісінше азаяды. Кептеліс пен апаттар азайып, жүріп – тұру оңай болады. Сонымен қатар, бос уақыт та көбейеді.

Екінші мәтін бойынша: «Самсунг» компаниясының смартфондары мүмкіндіктері шектеулі жандарға таптырмас құрал болмақ, тіпті қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен тыңдайтын өлеңдерді таңдауға болады.

Мақсатты аудиториясы: Бірінші мәтін бойынша:  көлік жүргізе алатын барлық азаматтар.

Екінші мәтін бойынша: бұл құрылғы тек қана мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, сонымен қатар барша тұтынушыларға қажет әрі ыңғайлы болмақ деп есептеймін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота