1- мәтін Қала Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан. Бұл жерде қыштан
салынған тамдар болған. Көшелері кең, керуен кіріп-шығатын қақпалары болған. Бұл қала
өте көрікті болған. Осы қалада әлемнің екінші ұстазы – Әбу насыр әл-Фараби туған.
2-мәтін
Бұл жерде өзен бар. Өзеннен балық аулауға болады. Бұл жердің тыныс-тіршілігі
басқаша. Ауасы таза әрі салқын. Самал желі мен бұлақтың суын айтсаңшы! Айнала –
гүлдер мен ағаштар. Жер кілем секілді жап-жасыл. Жергілікті тұрғындары өте қонақжай.
1. Мәтіндер не туралы екенін бір сөзбен немесе сөз тіркесімен жазыңыз. (Напишите
одним словом или словосочетанием о чем тексты) (2 б.)
1-мәтін
...
2-мәтін
...
2. Мәтіннен 5 сын есімді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыз. (Выпишите
5 сын есім из текста со словами с которыми они сочетаются) (5 б.)
Мысалы: Түрлі мәдени орындар, қызықты кинолар т.с.с.
3. Өткен тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға толық жауап жазыңыз.
( Напишите полные ответы на вопросы по пройденным темам.) (3 б.)
1. «Отбасы күні» мейрамы қашан болады?
2. Мұхтар Әуезов кім?
3. Ежелгі Отырар қаласы қайда орналасқан?
Бағалау критерийі Тапс.
№
Дескриптор
Жалпы дүниеге келген әр адамның бойындағы, қанындағы қасиеттері оның шыққан тегіне байланысты екені ешқандай дау тудырмайды. Алайда оларды ары қарай бағдарлап дамыту ата-анасына, отбасына, өскен ортасына тікелей байланысты. Отанын сүйгіш, ұлтжанды ақын ағамыз М.Шахановтың сөзімен айтқанда, әр адам туған анасынан басқа да өзінің тағдырын тамырсыздықтан қалқалап, өміріне мәңгі астана болар құдіретті 4 Ананы танып-біліп, қадірлеп-қастерлегенде ғана өз ұлтының шын мәніндегі толыққанды өкілі бола алады. Ал ұлттың ең негізгі және бірінші көрсеткіші ол – тілі. «Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов үлкен ескерту жасап кетті. Біздің дана халқымыз немерелерін ата-әжесіне бақтырып, тәрбиелетіп үлкен көрегендік жасаған. Себебі жас отау иелері күнделікті бар күйбең тірлікті өз мойындарына алып, қарттардың қолдарын босатқан. Ал ата-әжелер немерелеріне бесік жыры, ертегі, қисса-дастандарды айтып, тыйым сөздерді құлақтарына сіңіріп, өздерінің қолдарынан келетін өнерін олардың бойына сіңіріп отырған. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген осыдан қалған. Ал қазақ халқының ауыз әдебиеті тұнып тұрған өсиет, насихат екені баршаға аян. Батырлық та, елжандылық та, отбасыға, үлкенге құрмет те, кішіге ізет те, қонақжайлылық та, қысқасы, бүкіл жақсы адами қасиетті дәріптеу осында. Осыларды құлағына сіңіріп, бойына жиып, санасына түйіп өскен баланың жаман әдеттен аулақ, тәрбиелі де ізетті адам болары хақ. Біздің халқымызда отбасының әр мүшесіне қатысты мақал-мәтел бар. Бұл мақал-мәтелдер отбасының әр мүшесінің орнын, қызметін, олардың өзара қарым-қатынас сипатын нақты анықтап, ашып жеткізеді. Оларға аналог басқа ешбір тілден табылмайды. өзге тілдерде тіпті «нағашы-жиен» деген атау да жоқ. Қазақ мақал-мәтелдерін, тиым сөздерін жаттап, жадында ұдайы сақтап жүрген адамның тілі бай әрі шешен, ойы ұшқыр, адамгершілігі мол болмақ.
Мақалада: «Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп өте тура айтылған. Қазақстанның Ресейдің бодандығында болған 74 жыл, басты назар экономикаға аударылған егемендік алған 25 жыл – жалпы алғанда ұлттық идеологиясыз өткен бір ғасырда орта есеппен тіпті үш ұрпақ ауысты дегенде, қазіргі ұрпақтың бойында қазақи қасиеттің, яғни ұлттық кодтың тек 30 пайызы қалды деп топшылауға болады. Бұрындары «іштен шыққан шұбар жылан ғой» деп, өз баласының бар кінәсін де, күнәсін де мойнына алып, ол үшін жауапты болатын аналардың орнына қазіргі «көкек аналардың», өз бала-шағасы тұрмақ аталас елдің жесір-жетіміне қамқор болатын азаматтардың орнына намыссыз, жауапкершіліксіз жігіттердің, бейкүнә нәрестелерге зорлық жасайтын есерсоқ еркектердің, жүз теңге үшін жақынын да аямайтын жауыздардың қаптап кетуі осының дәлелі. Өз баласы тұрмақ, өзгенің баласына көз қырын салып, тәрбиелей, жөнге сала жүретін қазағымыздың «ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыйым» деген сөзі естен шығып, ұмытылғалы қашан. Қазіргі жастарға ескерту жасамақ түгілі, беттеріне қарауға жүрексінеміз. Осы жүз жылдықтың орта буыны біздер Қазақстан тарихынан мүлде мақрұмбыз, ештеңе білмейміз.
Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы Аллаһ тағала адам бойына осыншалық қабілеттерді белгілі бір өлшеммен тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Сондай-ақ адамда «раббани латифа» немесе Ғазалиша айтқанда «маад ақыл» деген бар. Оны тура қолданған адам материалдық әлемнің тысындағы ғайып әлеміндегі тылсым дүниелерді көріп, ғайыптан сыр аулайтын қасиетке қол жеткізеді. Бұған қоса, адамға «мааш ақыл» деп аталатын осы дүниені терең сезінуге, түйсінуге мүмкіндік беретін ақыл да берілген.
Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, «раббани латифа» сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.