1-мәтін
Әлемдік тарихтан ерекше орын алған, 300 миллионға жуық халықты бір қазанға біріктірген Кеңестер одағы 1926 жылы НАУРЫЗ мерекесін «ислам дінінің қалдығы» деген желеумен мемлекеттік деңгейде атап өтуге, тойлауға тыйым салды.1988 жылы Наурыз тойы Кеңестер одағы тыйым салған 62 жылдық үзілістен соң, тұңғыш рет бас қала Алматының М.Горький атындағы орталық саябағында 100 мыңнан астам адамның қатысуымен тойланды. Қазақстанның барлық шаруашылықтары, өндіріс мекемелері, жоғары оқу орындары, мектептері, тіпті, ауруханаларға дейін айтулы мерекені өздерінше үсті-үстіне атап өтіп жатты. Сол жылы Наурыз мейрамы қыргүйек айының ортасына дейін тойланды. Наурыздың арғы-бергі тарихында мұндай ұзақ, мұндай құштарлықпен өткен мереке болмаған да шығар, сірә...
2-мәтін
«Наурыз» парсының нау – жаңа, рыз – күн, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Наурыз күнін жаңа жылдың басы - «ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Ә. Фердоуси, Ә. Науаи, Махмұт Қашқари, Абай, Ахмет, Міржақып, Сәкен, Мұқағали сияқты ақын-жазушылар Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер жазған. Шығыс елдері наурызды бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі деген. Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. тойлаған. «Наурызда Самарқанның көк тасы жібиді» деген сөз бар. Наурыз - діни мейрам емес, халық мейрамы, ұлттық мереке. Бұл күні жұрт жұмыс істемейді, ренжімейді. Наурыз тойына ғана тән мерекелік тағам – Наурыз көже. Ол әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосылады. Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап бүкіл Республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтіп, оны ұлттық мерекеге айналдырды. Мәтіндерді оқып, ондағы ақпараттарды салыстырыңыз. Мәтіндегі мәселелерді анықтаңыз.
Салыстыру аспектілері 1-мәтін 2-мәтін
Мәтін мазмұнында не
туралы айтылады?
1-мәтін
1.
2.
3.
2-мәтін
1.
2.
3.
Мәтінде қандай мәселелер
көрініс табады?
1-мәтін
1.
2-мәтін
1.
Екі мәтінге ортақ мәселе
қандай?
Қазақстанның көрікті жерлері.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.
Келешекте тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.
Махамбет Өтемісұлы.
Тарих беттеріне үңілер болсақ, біртуар тұлға, қайсар қолбасшы, халық көтерілісінің саяси көсемі болған Исатай Тайманұлының жан жолдасы болған Махамбет бастан – аяқ оның қасында жүрген, жауымен жауласып, дауымен дауласып өлімге басын қиған Исатайдың қанды көйлек жолдасы болғанын көреміз.
Атамыз қазақ қашанда достықты жоғары бағалаған. Себебі Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Міне, Исатай мен Махамбет достығы нағыз адал достық мысалы бола алады деп есептеймін. Бұл достық бұрын - соңды болмаған достық деп есептеуге болады, себебі екеуі де - ел үшін бастырын өлімге тігіп, жауға бірге аттанған сарбаздар. Әсіресе Махамбеттің жырлаған өлеңдерінде Исатайдың бейнесі ерекше көркем беріледі. Махамбет жан қиысқан қанды көйлек досы Исатай Тайманұлының батырлық, азаматтық тұлғасын, өлеңдік портретін ғажап жасап шыққан. Өлеңдерінің бірінде:
«Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім
Кер миығым, кербезім
Керіскедей шандозым!..», – деп Исатай бейнесін ерекше көркем етіп сипаттай білген.