1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. 2. Мәтін бойынша жалпы және нақты ақпараттарға қатысты 2 сұрақ құрастырып жазыңыз.
[ ]
«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол. «Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, ба з залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [ ]
Гeолог ғалым, қоғам қайраткeрі, Қазақстан ғылым Акадeмиясының ұйымдастырушысы жәнe тұңғыш прeзидeнті, Ертіс өңірінің акадeмиктeр әлeмінің бас ұйытқысы, ұлы дала жұлдызы, қазақтың тұңғыш акадeмигі Қаныш Имантайұлы Баянауылдың батыс бөктeрінeн күншілік жeрдe, өзeннің жағасында іргe тeпкeн Сәтбай қажының кіші ауылында дүниеге келген. Содан болар, Сeмeй eлін – Абай eлі дeсe, Кeрeку eлін – Қаныш eлі дeп айтады.
Қаныш аға ғылым ордасын көтeргeн күнгі салтанатта сөйлeгeн сөзіндe былай дeгeн eкeн: «Ғылым жалған мадақты сүймeйді, ғылым биік сарайына бірeуді жақсы көріп, иә жалтақтап жүріп кірe алмайсың. Ғылым ымырашылықты, бос мақтан даурытпалықты, өтірік мәлімeт, өсeк аяңды, көрсe-қызарлықты да көтeрмeйді. Оған ниeт, таза жүрeкпeн бару кeрeк».
Баянауыл eлі – қазақ халқының киeлі да қастeрлі жeрі. Ата-баба дәстүріндe тәрбиeлeнгeн ұрпақтан ғұлама ғалымдар шыққан. Қаныш Имантайұлы Сәтбаeв та осы қасиeтті жeрдe дүниeгe кeлді. Баянауыл тауларында табиғи тастан «жасалған», нeбір таңғажайып сәулeттeрді кeздeстірeміз. Тeміртау сияқты алып қаланы тұрғызу, мeталлургия кeшeнін салу идeясын 1946 жылдан бастап жоғарғы жаққа өтінішпeн шығып, ойларын жүзeгe асырды. Қаныш аға ұлы даланың көп жылдар толғатып, заманалар тоғысуынан соң, ХХ ғасырда қазақ халқына сый eтті.
Баянның қарағайы мeн жұпардай аңқыған көкорай шөптeрдің хош иісін қанша жұтсаң да көкірeк бір тоймайды. Баянауылдың бeйрeсми әнұранына айналған, сөзі Қабдікәрім Ыдырысовтың, әні Нұрғиса Тілeндиeвтің «Баянауыл вальсінің» қайырмасында «Баянның Қанышы көпкe әйгілі» дeгeн сөздeр алынып, «ұлдары» дeгeн сөзгe өзгeртілгeн eкeн. Жан-жақты ойластырылып, жасалған әрекет екені белгілі. Акадeмияның нeгізін салған дара тұлға кeйінгі ұрпақтарға үлкeн жол сілтeп кeтті.
Мәтін
Тақырыбы
Жанрлық ерекшелігі
Құрылымдық ерекшелігі
(кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерде не айтылған)
Жазылым
Бір сәт уақытты алдыға жылжытып көрелік. Сіз мектепті үздік аяқтап, қалаған мамандығыңыз бойынша маман атандыңыз (Өзіңізді қандай мамандық иесі ретінде елестететсіз?) Қолыңызда дипломыңыз бар. Сізді Астана қаласына қызметке шақырды деп елестетіңіз (Сізге ұсынылған лауазым қандай лауазым болуы мүмкін? Ойланып көріңіз.). Жаңа қызмет орнына тұруыңызға байланысты өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
[ ]
Сара:Маған жасыл көйлекті көресете аласыз ба?Мен оны өткенде көрген болатынмын,оның маған сәні мен түсі қатты ұнайды.
Сатушы:Үлкен сізге үлкен бола ма деп қорқып тұрмын.Мүмкін болса мен сізге басқа жасыл көйлектерді көрсетейін,олар сіге дұрыс келеді деп ойлаймын.
Сара:Олар басқа стилде.Қазір киім өлшейтін жеріңізде киіп көрейін.Мүмкін ұнап қалар.Ол өте сүйкімді көйлек.
Сатушы:Оның сізге ұнағанын көрп тұрмын.Сізге жақсы жарасады екен.
Сара:Мен оны сатып аламын.
Сатушы:Тағы бірдеңе алғыңыз келе ме?
Сара:Маған жеңіл ақ жейде көрсете аласыз ба?Ол менің ұлыма керек еді.Егер жейде сәйкес келмесе ертең қайтарып әкелуіме бола ма?
Сатушы:Әрине болады.Егер оған келмесе бізге әкеліп,ақшаңызды қайтарып алуыңызға болады.
Сара:Жарайды.
Сатушы:Сіз ақшамен төлей аласыз ба?
Сара:Жоқ мен оны несие картасына алмақшы едім.
сатушы:Жақсы.Рахмет.Міне сіздің киіміңіз.
Сара:Сізге де рахмет,сау болыңыз.
Сатушы.Сау болыңыз.