1.Мәтінді мұқият оқып, аударыңдар/ прочтите и переведите текст; 2. Мәтінге ат қойыңдар/дайте тексту названия;
3. Бұл аңыз-ертегіден өзіңе қандай тәрбие алдың?/Что вы узнали из этой легенды?
Ертеде ел билеген қатал Жошы хан өмір сүріпті. Оның бала дегенде жалғыз ұлы болыпты.
Бір күні баласы аңға шығар алдында әкесі жаман түс көріп, баласын тоқтатқысы келеді.
Баласы әке сөзіне мән бермей, нөкерлерін ертіп, ұзақ жолға шығады. Біршама уақыт өткен
соң, жазық далада бір топ құланның жайылып жүргенін көреді. Бала құланды қуып жүріп,
алысқа ұзап кеткенін байқамай қалады. Хан баласының атқан оғы құланның аяғына
тиеді.Құлан хан баласына қарсы шығып, оны теуіп өлтіреді. Арада біразуақыт өтеді. Хан
нөкерлері баланың қазасын әкесіне қалай естіртуді білмейді. Хан жүрегі сезгендей,
«Кімде-кім баламды естірте келсе, сол кісінің көмейіне қорғасын құйдыртам» — дейді.
Сол елде асқан күйші қазаны естіртетін болып, сарайға келіп, хан алдында күй тарта
береді. Ханның көз алдына баласының қандай жағдайда қайтыс болғаны елестейді. Күйші
барлығын күй тілінде жеткізген екен. Сонда хан: «Балам өлген екен ғой, мына кісінің
көмейіне қорғасын балқытып құйындар»- деп жарлық береді. Дат тақсыр! – дейді күйші.
Бәлкім жаманат хабарды жеткізген домбырам шығар. Амалы таусылған хан баласының
қазасын естірткен домбыраның шанағына қорғасын құйдырады
Аңыз әңгімелерде осы оқиғаға байланысты «Ақсақ құлан» күйін ХІ ғасырда өткен,
атақты күйші Ертедегей деген адам шығарған екен.
Италияда жаңа жылды дәстүр бойынша, шулы халық қыдыратын көшеде қарсы алады.
Мейрамды қарсыламастан бұрын-жаңажылдық дәстүр мен салт дәстүрлерді сақтау керек-Италияда олар өзгеше.Барлығына белгілі дәстүр-терезеден керек емес зат лақтырудан басқа,жаңа жыл түнінде ыдыс-аяқ сындыру дәстүрі- жыл бойынша жиналған барлық өкпе-назды,жағымсыз күштерден арылтады деп есептеледі.
Италияда жаңа жылда ас әзірлеу дәстүрінде -жаңа жылда үстелде міндетті түрде жасымық болуы тиіс-неғұрлым көп болса,солғұрлым келер жылбай және кіріспе болады.
Кейбір өлкелерде міндетті түрде куранттар соғылып жатқанда 12 жүзім жеу керек деп есептеледі,алдағы келе жатқан 12 айды білдіретін жүзім сәттілік әкеледі-мыс.
Римде кім жаңа түні Тибр өзеніндегі көпірден секірсе,сол бақытты деп есептеледі.
Неаполда жаңа жылда өте шулы және ұзақ фейерверктер атуды ұйымдастырады,қатты жарылған атылғыштар қатігез аруақтарды үркітеді-деп, Неаполдықтар сенеді.
Италияндықтар өте ырымшыл,әсіресе үйлену кезінде.
Италияндықтардың салтында мамыр айында үйленуге келіспейді,өйткені бұл айда,бір бақытсыз күн бар,бірақ ол қай күні! Сонымен қатар жұма күні үйленуге де құлықты емес,ол бірінші және екінші қүндер-нағыз үйлену тойына сәтті күндер.
Жанұяда тез балалы болу үшін, той мәзірі өткен соң,жігіті келіншегіне бидай масағын силайды, енесімен қырғи-қабақ болмау үшін,келіні- жігітінің анасына зәйтүн бұтағын силайды.
Міне,қызық! Қыздың гүл шоғын күйеуге шықпаған достарына лақтыру дәстүрі,осы-Италиядан бастау алған.
Ең алғашқыда гүл шоғы-қуаныш және байлық,сөзсіз күйеуге шығуды бейнелеуші-апельсин гүлдерінен құралған.