1. Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнын ашатын 6-7 тірек сөзді іріктеңіз. 2 сөйлемнен тұратын комментарий
жазыңыз.
Нұр-Сұлтан - әсем қала
Осыдан жиырма жыл бұрын Нұр-Сұлтанды көшіру идеясы
іске асты. Тарихқа үңілсек, бұл идея бұрын да көтерілген.
Өкінішке орай, ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш
жұртын Қараөткелге (қазіргі Нұр-Сұлтан) шоғырландыруға
мүмкіндік бермеді.
Ол мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге
келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Тәуелсіз
мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
бұйырды. Өзінің
төлтумасына балаған Нұр-Сұлтан қаласы
туралы Елбасы: «Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің
ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған
қаланың
ортасында ағып өзен жатқан болса, қашан да сол ұнайтын.
Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді.
Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның
бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің
бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама
Астаналар ылғи өзен жағасына салынған. Санкт-Петербург -
Невада, Мәскеу - өзі аттас өзенде, Париж - Сенада, Лондон -
Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл
Еуразияның орталығына орналасқан, - деп жеткізді.
Деректерге көз салсак, Арқатесіне көшіп келген жылдары
Нұр-Сұлтандағы тұрғындар саны 200 мыңдай болған. Ал
қазіргі есеп үш еселенді, 800 мыңға жуықтады. Ішкі кеші-кон
есебінен басқаламызға қоныс ауыстырғандар саны 1999
Жылдан бастап қарқын алды. Сол жылдары еліміздің түкпір-
түкпірінен Елордаға 62 мыңға жуық адам көшіп келген.
Тірек сөздер:
2 сөйлемнен тұратын комментарий сор
Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары (Стихийное бедствие) — алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Сондықтан 1994 жылдың мамыр айында Йокогамада (Жапония) тілсіз қияпат қауіптілігін азайту проблемалары қаралған. Тілсіз қияпаттардан (иемесс табиғи алапаттардан) 3,6 млн адам қаза тауып, 3 млрд-тан астамы зардап шекті. Ал жалпы экономикалық шығын 340 млрд доллар болды. Табиғи алапаттардың жиіленуі, халық тығыздығының артуы және Жердегі техносфераның кеңеюі күрделі инженерлік имараттар көп орналасқан аумақтардың табиғи қияпатқа ұшырауына себепші болады. Мұндай имараттарға АЭС-тер, химия кәсіпорындары, мұнай және газ құбырлары, суқойма бөгеттері, көлік жүйелері, тағы басқа жатады. Сондықтан табиғи және техногендік сипатты экологиялық алапаттарды бір-бірімен байланыстыра зерттеп-білу қажет
АЗАМАТ – араб тілінен енген есім. Енгенде де қазақ арасына әбден сіңісті болып кеткен сөздердің бірі. Қазақ ішінде көп ұшырасқанымен, арабтар, жалпы, өзге түркілер мен мұсылман арасында мұндай ат кездеспейді. Араб тіліндегі нұсқасы – «аъзамат». Оны қазақша аударғанда «ұлы, дара, жоғары дәрежелі» деген мағынаны береді. «Ел аузында жүрер, халқына пана болар нағыз жігіт болсын» деген ниетпен қойылатын ныспы. Ел ішінде жиі кездеседі.
АЗАМАТ – қазақтың төл есімі. Дүние есігін жаңа ашқан ұл балаға «нағыз ер-азаматқа тән қасиетке ие болсын, халқының жанашыры, жоқшысы болсын» деген ниетпен қойылатын тілеулі есім. Ел ішінде жиі кездеседі.