1. Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап
бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.
— Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды! — деп ауыл аңыз қылады.
— Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе! — десті.
Кейбіреулер: "Түнде қозының құйрығын иіскелеп жүреді. Қойды үркіте береді. Түнде
даланы жақсы көреді. Иттен қорыққаннан ғана үйде жатады" деседі. Құрмаш бұл өсектің
бәрін елемейді.
Шынында, Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі
күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды, жемейді. Жалғыз-ақ кісі көзі тайса болды,
кәзір жоқ қылады. Бірақ егер тіпті қарны ашып кетсе, өзіне бермеген асты да жеп қояды.
Көрнеу ши ішіне кіріп кетіп, керегеге асулы тұрған ет болса, жас тері болса, қазанда іркіт,
қатық болса — барлығын да өзінің ыдысына құйып қойғандай көріп, иіскелеп жалап, жеп
кетеді.
Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді. Талай рет оқыста төбесіне таңқ етіп тиген
оқтау бойын тызылдатып, шыпыртып тиген қамшыны да татты. Бұның жауабы — езуін
ғана ыржитады.
Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін
ұға алмады. Біресе өздері беріп тұрып: "же" дейді. Біресе сондай тамақты өзі тауып алы жатса, ұрып салады. Сол себепті кей кездері алдына дайындап қойған тамақты да
жемей, көзінің астымен жалт-жалт қарап жатушы еді.
Иттер талаған кезде Көксерек не істейді?
Ауыл адамдары Көксерек туралы не дейді?
Кісі көзінше Көксерек ас іше ме?
Ас ұрлағанда ұсталып қалса не істейді?
Құрмаш Көксерекке адал ас пен ұрлық астың
айырмасын түсіндіре алды ма?
Объяснение:
Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.