1. Мәтінді мұқиятоқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханаларының бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі – Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
(125 сөз)
1. Мәтіндегі болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдырыңдар.
орналасу
есептеу
құрылу
тұру
сақтау
2. Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз.
3. Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды?
4. Мәтіндегі (5) сан есімдерден есептік, реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Үлгі 40 қырық қырқыншы
1
2
3
4
5
ЖАЗЫЛЫМ
«Кітапханаға барғанда...» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. Мәтінде болымды, болымсыз етістіктерді пайдаланыңыз / напишите небольшой текст на тему "Когда ходил в библиотеку...". В тексте используй отрицательные глаглы и не отрицательные глаголы.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған
Ол тәртіпті адам. Ешқашан даусын көтеріп сөйлемейді. Ешкімді ренжітпейді. Өтінішіңді орындайды. Сұрағыңды жауапсыз қалдырмайды. Әрқашан көмектесуге дайын тұрады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Көпшілікті кез келген жұмысқа ұйымдастыра алады. От басы шаруасына қатты көңіл бөледі. Үйдегі, түздегі жұмыстарды басқа отбасы мүшелерімен бірге орындайды. Үлкенді құрметтейді, кішіге қамқор болады.
Ол тәртіпсіз адам. Онан ешқашан дұрыс сөз естімейсің. Айтатыны тек анайы сөздер. Ешкіммен тіл табыса алмайды. Кез келген жағдайда әңгімесі ұрыспен аяқталады. Бір де бір адаммен сыйласа алмайды. Тапсырған жұмысты аяқтамайды. Оған ешнәрсені сеніп тапсыруға болмайды. Айтатын өтірік, істейтіні ұрлық, әңгімесі өсек. Бір жерде ешқашан тұрақтап жұмыс істей алмайды. Тіпті әлемдегі ең ардақты жандарды, яғни ата-анасында құрметтей алмайды.
Объяснение: