В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ggf6fr
ggf6fr
29.03.2022 01:27 •  Қазақ тiлi

1.Мәтінді мәнерлеп оқып, терминдер сөздігін құрастырыңыз Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі топқа бөледі. Орталық
жүйке жүйесіне – ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен
жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке
ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды.
Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді.
Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа
келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің
барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы
үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ
бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды
жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан,
асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді.
Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке
жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті
(машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру;
аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау
және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі
дамуына тәуелді (бағынышты).

Показать ответ
Ответ:
евол
евол
20.04.2022 08:33

Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген.

Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды.Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады.

Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді.Жеп-шөпті онша талғамайды.Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. Ешкі де сондай.Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды.

Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген... Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lilpupm
lilpupm
16.07.2021 22:20

                               Астрономға хат.

Құрметті,астроном,Сіздің істейтін іс-әрекетіңіз ерекше әрі қиын.Мені аспан әлімі өзінің сан қилы құпияларыменқызықтырады.Жұлдыздарды,оның ішінде Жетіқарақшыны мен де Сіз секілді телескоптармен қарап,зерттегім келеді.Бірақ ол үшін білмейтінімнен білгенім көп болуы керек емес пе?Оған қоса өте ізденімпаз болу керек.Сіздердің арқаларыңызда жаңа ғарыштық денелер,жұлдыздар ашылуда.Ал ашылмағандары көп екенін меннен гөрі Сіз жақсы білесіз.Сонымен қатар мені астроном дәрежесіне қалай жеткеніңіз қызықтырады.Астрономның жұмысы - қызығы мен шыжығы мол жұмыстардың бірі.Бұл ісіңізге толағай табыстар тілеймін.Және де мен секілді аспан әлеміне қызығушыларды жаңа ашылуларды жиі зерттеп,бізді қуантып тұрыңыз дегім келеді.

Хат жазушы:  (сенің есімің/твоё имя).

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота