1.Мәтінді оқыңыз , төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз . EXPO - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу - Казакстаннын негізгі ірі жобаларының бірі . 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының ( ХКБ ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтiнiмi тапсырылды . Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада EXPO - 2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау карсаны науқанына ресми түрде кірісті . 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ - ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіn , EXPO - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде тандалды . Астананың өтiнiмiн 103 ел қолдады . ЕХРО - 2017 ТМД елдерінде өтетін алғашкы көрме болмак . Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады . Оған әлемнің 100 - ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым катыса алады . Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр . EXPO - 2017 көрмесінің « Болашақтың энергиясы » тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сактау технологиясын , бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік 106 береді . Мұндай ауқымды іс - шараны өткізу ісіне , соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады . ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір - түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ . Көрменің аумағында күн сайын концерттер , шоу , ұлттық күндер және өзге де ойын - сауық іс - шаралары өтетін болады . 2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО - 2017 көрме кешені кұрылысын бастап берді . Кешен құрамында 4 мын пәтер , жаңа мейманхана , Конгресс - холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады . Көрме аймағында ұлттық павильон , қырыптық және корпоративтік павильондар , ойын - сауық және қызметкөрсету нысандары орналасады. Берілген сөйлемдердегі бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз / вставьте нужные слова и термины в пробел в заданных предложениях Астанада ЕХРО - 2017 көрмесін өткізу кұкығы үшін сайлау қарсаңы науқанына 161 елдің өкілдерінің ел қолдады. Оған әлемнің 100 - ге жуык елі және 10 халықаралык катыса алады EXPO - 2017 көрмесінің такырыбы бойынша өткізілді . Көрменің аумағында күн сайын өткізіледі .
Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан ірі кітапхана. Фарабтағы (Отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби қарастырылады.[1][2][3][4][5] (орыс.) ХЫЫ ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин делінеді. Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасына жол береді. Отырар Шыңғысхан жорықтарынан кейін жер бетінен тып-типыл етілді, ал кітапхананың кейінгі тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Кітаптардың тағдыры жайлы жазба деректерде айтылмаған. Ортағасырлық өзге кітапханалардың тағдыры жайлы аңыздар сияқты Отырар кітапханасының кітаптарының айналасында әңгімелер көп. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Кейбір деректердің хабарлауынша, моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптарды қорғау үшін жерасты жолдарында сақтауы мүмкін. Кейіннен оларды жеті жасар бала тауып алады делінеді. Десе де мұндай жорамалдар нақты дәлелдемелерге негізделмегендіктен ғылымда мойындалмай отыр.
Әдебиетте
Дереккөздер
Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі [1,25 б]. Ал, осы екі қас қасиет те бір басына сыйып, бағына біткен қазақ елінің асылы,ақберен ақыны-Махамбет Өтгемісұлы.
Азаттық үшін алысқан, елі үшін егескен арыстан бабамыз Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Рухы биік жырлары ақынның атадан туған аруақты ер екенін дәлелдей түседі. Тарихшы ғалым Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі-рухани ұстазымыз, бірі-рухты ұранымыз» деп, Махамбеттің өзгеше жан екенін сөз етті.
Жалынды ақын,намысшыл ержүрек жауынгер өзінің қысқа да жарық отты өмірін жан тәнімен халқына арнап,еркіндік идеясы мен әділеттілікті ұран етіп,найза ұшын,қалам құдыретін шебер ұштастырды. Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді. Егер, Қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып, ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық естуге болады. Махамбет – жорық жырауы. Сол Ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған, рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Ауыз әдебиетінің тереңінен сусындаған, өзінің бойына халықтық дәстүрді терең сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды