1. Мәтінді оқы . Желкенді кемелер заманынан бері желдің күші Бофорт шкаласымен өлшенеді. Осы жел күшін өлшеуге бұл шкаланың шамасы жетпей қалатын кездер де болады екен.
40–50 м/с соққан жел. Бұл жылдамдық бір орында тұрған адамды ұшырып әкете алатын жел жылдамдығы. Ұшақтан секіретін парашютистер осы жылдамдықпен құлайды.
Секундына 15 метр — реактивті ұшақтар қонып жатқанда желдің жылдамдығы осыдан көп болмауы керек. Ал қону алқабы ылғал болса, жел жылдамдығы 2-3 есе аз болуы керек.
Сендер бүгін осындай қызықты ақпаратты білдіңдер.
Мәтінге ат қой 1 ұпай
Мәтінен үш есімдікті жаз
3 ұпай
Сұраққа жауап жаз. Желдің күшін қандай шкаламен өлшейді?
1 ұпай
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Ы. Алтынсарин туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде де ерекше орын алады.
Еңбекті сүю, қадірлеу – Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі тақырыптардың бірі. Мұнда Отанын қадірлеуге, сондай - ақ талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға тәрбиелейді.
Жалқаулық, надандық, зұлымдық, тәкаппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.
Ыбырай Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы өлеңдері мен әңгімелері
1 Білімге шақырған өлеңдері
«Кел, балалар, оқылық!», «Өнер, білім бар жұрттар».
2. Әлеуметтік теңсіздік:
«Залым төреге», «Әй, жігіттер»,
3. Табиғат тақырыбында
«Жаз», «Өзен»
4. Ел ішіндегі теңсіздік, келеңсіздіктерді жырлайды.
«Азған елдің билері, хандары, байлары», «Залым төреге».
5. Өз еңбегіңмен күн көрге шақырады
«Әй, достарым!»
6. Адал еңбекті, шындықты жырлайды
«Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» өлеңі
7. Орыс жазушыларының аудармалары:
К.. Д. Ушинскийдің «Үнді» әңгімесін, “Сауысқан мен қарға”, “Теке мен түлкі” мысалдарын,
Л. Н. Толстойдан “Мұңсыз адам”,”Данышпан қазы”.”Үш ұры” ертегілерін,
И. А. Крыловтың “Қарға мен түлкі” мысалы
8. Еңбек тақырыбында: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады?», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Қыпшақ Сейтқұл», «Таза бұлақ», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Мейірімді бала», «Шеше мен бала» т. б. әңгімелері бар.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосыосы на айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Объяснение:
осы дурыс сиякты керегин аласындарго