1. Мәтінді оқып, ат қойындар. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Астанадағы «Шығармашылық техникалық орталыққа» келетін балалар
шетінен өнерлі. Солардың бірі – Нұрдәулет Құттыбек. Небәрі 9-сыныпқа көш-
кен жеткіншектің жиырмадан астам медалі бар. Өзі өте ашық, әңгімешіл екен.
«Мұнда келгеніме төрт жыл болды, – дейді Нұрдәулет, — 5-сыныпта жүрге-
німде осы кабинеттің жанынан өтіп бара жатып, бас сұқтым. Ағай балаларға
жаңа кеменің сызбасын түсіндіріп жатыр екен. Қызығып кетіп, ертеңіне дереу
үйірмеге жазылдым».
Былтырғы жарыс Павлодарда өтіпті. Нұрдәулеттің кемесі қазылардың
кеңілінен шығып, екі күміс пен бір қола жүлдені еншілепті. Бір қызығы,
қатысушылардың көбі өзара жүзтаныс болып қалған.
Сендердің тәжірибелерін де зор ғой онда. Бәйгеге жаңадан қосылып жат-
қан құрдастарың қандай қателік жібереді?
- Кемелері аударылып қалып жатады немесе басқару тетігі дұрыс істемейді.
Кейбіреулері үйінен құрылғысын дұрыс қуаттамай келеді. Қысқасы, істерінен
шалалығы көрініп тұрады.
Нұрдәулеттің арманы ұстазы секілді білікті техник болу. Болашақта
заман талабына сай жаңа құралдарды ойлап тапқысы келетінін де жасырмады.
Өнерпаз өренге сәттілік тіледік.
(«Ұлан» газетінен)
?
1. Үйірмеге нешінші сыныптан бастап барғанды дұрыс деп санайсыңдар?
2. Өз мектеп, қала, ауылдарында қандай үйірмелер бар екенін біле
1)бастауыш сыныптан бастап барған жөн, кішкентайынан ойы жетілдіріп, тез өседі
2)Домбыра, шахмат, дойбы, спорттық жарыстар т. б.