1. Мәтінді оқып, қолданылған тілдік құралдар арқылы стилін (көр- кем сөйлеу не ауызекі сөйлеу) анықтаңдар.
Тау іші. Үшқан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі
білінбейді. Жаз жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз ?
қонақтаған. Аспан да, жер де сұп-сұр. Жапырақтар сарғайып,
өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге
келген сопыдай күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шық-
қан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басын тік
ұстап, көкке шаншыла қарап тұр. Сай-саладан құлай ағып
жатқан көк қасқа бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-тас-
пай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды. Бұл – Тарбағатай
сілемдерінің бір-бірімен ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы.
Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады.
Астана арман қала.
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.