1. Мәтінді оқып, оның қандай стильде жазылғанын анықтаңыз және ерекше сөз
қолданыстарынан мысалдар келтіріңіз.
[10]
Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің
бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де
жоқ емес. ХІХ–ХХ ғасырларда а ғылым мен техникалық прогресте бұрын-
соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен
ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы
Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте
жаратылған а ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті.
Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген
тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың
адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін
сезінуі дегенге саяды.
Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым
салалары уақыт озған сайын а ң игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға
тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология а ң игілігі үшін екендігін
пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен
немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер
надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.
Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі
оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ
білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.
Мәтін не туралы?
Мәтін қандай стильде
жазылған?
Оған дәлел ретінде сөз
қолданыстарынан
мысалдар келтіріңіз.
2. Мәтіннің негізгі ойына қатысты және негізгі, қосымша ақпараттарға байланысты 1
сұрақтан құрастырыңыз.
Жалпы негізгі ойына
қатысты 1 сұрақ
Негізгі ақпаратқа
қатысты 1 сұрақ
Қосымша ақпаратқа
қатысты 1 сұрақ
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болған болса керек. Сталин сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданыпты.Бұның астарында қаншама мағына жатыр.Гитлер 1939 жылы басталған ІІ Дүниежүзілік соғыста Батыс Еуропа елдерінің көбін жаулап алғаннан кейін, КСРО-ны басып алуға дайындыққа кірісті.
Ұлы отан соғысының өзегі 1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастап, бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті.Мені осыдан кейін шайқас басталып кетті.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты . Отан үшін отқа да түсті.Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберіліп,тіпті даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсеткенін мақтанышпен айта аламыз .
Мәскеуді қорғауда панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.Вихров, М.Ғабдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиевтер бар.