1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеупі, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз. 2.
2. Мәтіндегі көтерілген басты мәселеге өз көзкарасыңызды жан-жақты тұжырымдан, мысалдар аркылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алган көркем бейнелсуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілерді тіршілік карекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батысты зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар те басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды, Ал отырықшы халықтарды мәдениеті оларға өтей мәдениет болып кала береді», - дейді Бұл - мүлде кате пікі
Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті - менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен. Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық, аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен-саяқ. «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды, қыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты» деп отыратын еді, жарықтық. Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті. Әжем оған: - Әй, қара құл, мен құдайдан саған ай көрікті ақ перизат жолықтырғай деп тілеймін. Тым болмаса, немерелерімді жиіркенбей сүйейін, - дейді екен. Бірде көрші ауылда үлкен той өтіпті. Той ойын-сауықсыз болған ба? Үлкен киіз үйдің ішінде жігіттер мен қыздар айтысып жатса керек. Той дегенде қу бас та домалайды. Кемпір-сампырлармен ілесіп менің Қызтумас әжем де келген екен. Кәрі құлағы елең етіп, киіз үйден шыққан айтыс әнін естіп қалады. Біздің ауыл Мыңбұлақ басын ала, Басыңдағы орамал жасыл ала. Көңілің бізде болса, а құдаша, Біразырақ отыршы қасыңа ала. Қыздың даусы жайдары естілсе де, жалтара жауап қатып отыр екен. Кәдімгі бас қосқан жердегі бастама өлеңнен ұзай қоймапты. Дегенмен сөз арасында «жақсы жігіт» дегенді жиілете берсе керек. Қызтумас әжем оны да сезіпті. Қарашаға, ендеше, қарашаға, Кисе киім жарасар аласаға. Бас қосыппыз бұл тойда, жақсы жігіт, Өлең айтсақ болмай ма тамашаға. Бірақ жігіт жағы алғашқы екпінінен танбай ынтық көңілін ұсына беріпті: Мыңбұлақтың сулары сылдырайды, Сұлу қыздың бұрышы бұлдырайды. Құдаша деп сыртыңнан құмартушы ем, Ескергейсің ендігі біздің жайды. «Құдашасына сонша өзеуреп отырған кім екен», - деп әжем есіктен сығалап қараса: Қара батыр, құдаша, қара батыр, Жау қайырар жасқанбай дара батыр. Тәңір айдап өзіңмен бас қосыппыз Осы кесе сіз жаққа бара жатыр, - деп өлеңмен бір бойжеткен қара қызға аяқты бұрып тұрған өз Момышы екен. Әжем сонда ұлына айғай салып: - Өзің қазанның түп күйесіндейсің, күйеге күйе жұқса - не болмақ, құдайым-ау! - деп баласын үйден қуып шығыпты. Анасының айтқанын ішінен ұнатпаса да, әкем оның ырқына көнеді екен. Баласына қанша ұрсып, қатал болса да, әжем менің әкемді жақсы көріп, мақтан тұтып: - Бұл қара құлдың түрі маған тартпаса да, ақылдылығы тартты, соған да құдайға шүкір, - деп отырар еді. Әкем содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре отыз үш жасында Байтана руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш 6 жасқа толар-толмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін. Қайран әжем өле-өлгенше Рәзия келінінің қазасына қайғырып өтті. Мезгіл-мезгіл тоқаш қуырып, ас пісіріп, келінінің әруағына бағыштап құран оқытар еді. - Жатқан жерің жаннат болсын, маңдайыма сыймай кеткен періштем, Рәзия, - деп өзінен-өзі отырып, көзіне жас алып қайғыратын. Сөйтіп, Рәзиядан қалған немерелерінің басынан сипап, маңдайымыздан сүйетін. Рәзияның тұңғышы Үбіш, онан кейінгілер Үбиан, Сәлима, Әлима кілең қыз бала болады. Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң, Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы жіберіпті. Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат сабылтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй-іші үрпиісіп, бір жаманат хабар жеткен екен деп қорқып қалады. Ақыры бөрі Байтоқты жұлмалай, «не боп қалды, айтсаңшы» деп тақақтағанда ғана, Байтоқ: - Жеңешем ұл тапты, - депті. Үрейден үрпиіскен жұрт енді мәз-мәйрам болып, қуаныштары қойындарына сыймай, Байтоққа сүйіншісін беріп аттандырыпты! Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын-жекжат құтты болсынға жиналып қалған екен.
Шаңғы - қар бойынша адамның орын ауыстыруы үшiн құрал-сайман. (150—220 сантиметрлер) екi ұзын ағаш пластиктен жасалған Планктерi болады және қайқы нәски iстiктелген. Шаңғылар қажеттi арнайы шаңғы бөтеңкелер шаңғылардың қолдануы үшiн аяқтарға бекiткiштер арқылы, дәл қазiр жағдайлардың көпшiлiгiнде бекiнедi. Шаңғыларда олардың қабiлеттiлiгi қар бойынша сырғанауға қолдана жылысады.
Шаңғы, археологтар адамзат 4-4,5 мың жыл бұрын шаңғыны пайдаланған деп есептейді. Мұны Норвегиядағы, Ресейдің Псков қаласы маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылған алғашқы шаңғылардың қалдықтары дәлелдейді. Қарапайым тақтайдан жасалған шаңғыларды алғашқыда "қар басқыш" аталған бұл шаңғылар кейін қазіргі кейпіне жақындады. 1930 жылға дейін шаңғылар тұтас тақтайдан жасалынды, кейін жұқа тақтайлар бір-біріне желімделінді. Келе-келе бұларды фибропластан жасалған шаңғылар алмастырды. 1870 жылы алғашқы бекітпелер пайда болды, ал 1900 жылдан бастап сырғанауды жақсарту үшін шаңғы таяқтары пайдалана бастады. Араға жылдар салып шаңғының мынандай түрлері пайда болды: спорттық жарыс шаңғылары, түсу шаңғылары, трамплиннен секіруге арналған шаңғылар, су шаңғылары, аң аулауға арналған шаңғылар, фристайл және балалар шаңғылары. 1. Сөреден шығу, мәреге келу және эстафетаны беру аймағы бірі екіншісіне 10 м-дей жақын болмайтындай және 100 м-ден қашық болмайтындай етіліп бір деңгейде орналасуы керек. Мәренің орны оған жақындап келе жатқан қатынасушы 50 м-ден кем емес қашықтықтан көрінетіндей және жолдың (трассаның) соңғы 50 м-де ылди (құлдилайтын орындар) болмайтындай етіліп орналастырылады. 2. Жекелей және командалық жарыстардың сөресі мен мәресінде төмендегідей жабдықтар: А) сере мен мәре сызықтарында екі жағында да тиісінше "Сере" және "Мәре" жазулары бар плакаттар; Ә) ашық түсті жіппен (баумен) белгіленген сере және мәре сызығы; Б) сере мен мәре сызығының екі жағынан ұзындығы 20 м-ден кем болмайтындай жалаушалар, арқан және әлеміш тізбектермен (гирлянда) шектелген дәліз (коридор); В) сөрелік дәліздің бастауындағы шаңғыны таңбалайтын орын болуы; 3. Эстафеталық жүгірудің бірінші кезеңіндегі сөренің орны радиусы 100 м болатын айналманың бөлігі болып табылады. Сөреден шығатын жолдардың арақашықтығы — 2 м. Сөре сызығынан 100 м бойы шаңғы жолдары қосарланып қатар жүреді, келесі 100 м-лікте олар үш шаңғы жолынан кем болмайтындай болып бір-біріне қосылады. Қашықтықтың алғашқы км-де шалт бұрылыстар мен бұрыштар болмауы керек. Эстафеталық жүрудің бірінші кезеңінің сөресінде; А) екі жағында да "Сере" жазуы бар плакаттар (сере сызығында немесе одан кейінірек); Ә) сере сызығынан жарыс жолының бағыты бойынша ұзындығы 100 м және ені 2 м болатын сөреден шығатын шаңғы жолдарын шектейтін дәліз (коридор); Б) сөреден шығатын [[шаңғы] жолдарының үш негізгі (сере сызығынан 200 м) жолға қосылатын орында екі жалау қойылған қақпа