1. Мәтінді оқып шығып , негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтаңыз . Анықтаған тірек сөздерді жұбыңызға оқып немесе айтып беріңіз . 2 Тірек сөздер негізінде жұбыңыздың мәтін мазмұнына жасаған болжамын мұқият тыңдаңыз және ақпараттың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз . [ 10 ] 1 - мәтін Қиял құдіреті Қиял дегеніміз ете ғажайып дүние Алланың адамға беретін негізгі байлығының бірі осы қиялдай білу қасиеті , Ғалымдардың пікірінше , қиялдай білу қасиеті басқа жан - жануарларға дарытылмаған , Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шындығы әбден астасқан заман . Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен а қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып , жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды . Адамның қиял әлемі соншалықты кең болса , оның ойы да қыран құстай неғұрлым алыстарға самғап ұша алады . Демек бүгінгідей бәсекелестік өріс алып отырған заманда жаңа туған жас нәрестенің бойына қиялдай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу - әрбір ата - ананың парызы . Оның ең басты шарттарының бірі – оған ертегі айту деп түсінеміз . Әрине сәби қиялын дамытуда қазіргі мультфильмдердің де маңызы зор екендігі анық Бірақ бұл дайын өнім Кейіпкерлерінің түр - келбетін , барлық заттарды бейнелі түрде көз алдыңа алып келеді . Сондықтан оның балаларды қызықтырушылық релі зор . Бірақ бәрібір ертегіге жетпейді . Себебі ертегі тыңдаған сәбилер ондағы кейіпкерлердің бейнелі образдарын қиялдау арқылы өздері сомдауға мәжбүр болады . Демек сәби үшін мультфильмге қарағанда ертегінің пайдасы молырақ . Бұл сәби қиялын кеңейтумен қатар ойлануға , ми жасушаларының барынша жұмыс істеуіне әсер етеді . Басқалай айтқанда , дүниедегі ең кереметтің бәрі қиял туындысы болып табылады . 2 - мәтін Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті Бұл өмірде адамдардың жандүниесін танып - білудің , әрқайсысының сана сезімімен санаса келіп , олардың жеке дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша . Ол әрине , өзара қарым - қатынас жасау , сыйласу барысында анықталатын қасиеттер . Тек есте болатын бір жағдай , жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып , қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына , ондағы қоғамдық қатынастарға ( экономикалық , саяси ) тәуелді . Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі . Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан , оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі . Соған қарамастан , адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін - келбеті , жүріс тұрысы , сөйлесу , сәлемдесу әдебі , ұйықтау , отыру мәнері арқылы - ақ оның қандай мінезді , ақыл - парасатының , ерік күшінің белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді өтініш көмектесіңдерші
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Туған жер
Беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Жырды шашу болды оған бір арман.
Менің кіндік қаным тамған жер Көкшетау облысындағы Қызыл ту ауданы. Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Табиғаты тамашаауылыма жазғы демалыста барып тұрамыз. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзенін «жанға дауа, дертке дауа»- деп атам көп айтады. Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша табиғат оятқан болар.