1. Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтаңыз. Анықтаған тірек сөздерді Қатыстырып кемінде 2-3 мақал- мәтел жазыңыз. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті Бұл өмірде адамдардың жандүниесін танып білудің, әрқайсысының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану білудің маңызы айрықша. Ол әрине, бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүр тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады есептейд
Қыс. Аяз. Қалың қар, үскірік, боран. Адам мен жануарларды қыспаққа алатын бұл мезгілдің өзіндік сұлулығы мен жақсылығы да бар. Тек соны көре білсең. Бойыңды сергітер, денеңді шымырлатар қыстың суығынан тазалық лебі еседі. Шынында да қыс — ең таза маусым. Жер бетін айқара жапқан ақ қар — тазалық символы.Әлемдегі ең табиғи ақ нәрсе — ақ қар. Сондықтан кейде адамдардың шынайы ақ ниетін жаңа жауған кіршіксіз ақ қарға теңеп жатады. Қыстың табиғаты — теңдессіз әсем көрініс. Айнала аппақ, көз жетер жердің бәрін алып ақ көрпемен қаптап қойғандай. Ақ жамылғы сонымен қатар қансонар кітабы тәрізді. Аң мен құстың іздері анық сайрап жатады. Аңшылар ізбен жазылған бұл кітапқа қарап із кеседі. Қар — береке. Қыста қар мол жауса, жазда егін мен шөп бітік шығады.
Бәрінен де қыстық ойындарды айтсаңшы! Шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп, қар атысып, аққала жасау ерекше қуанышқа бөлейді. Қыстың ызғарынан жасқанып үйде отырған баланы көрмейсің,бәрі де шаттана, мәз-мейрам сыртта ойнауда. Бұл әрі ойын, әрі балаларды шынықтырады, денсаулыққа да өте пайдалы. Мен өскен туған өлкемнің қысы да әсем. Күрті жазығында ақ көрпе жамылып, көсіліп жатқан кең дала. Халқымыздың пейілі қыстың күнгі ақ қардай кіршіксіз, таза бола бергей