1. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Жалпы сөз сөйлеуді шебер меңгеруді қажет етпейтін мамандық жоқ. Сауатты да шешен сөйлей білу дағдысы адами жағымды қарым-қатынас орнатуға әрі оны ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік жасайды. Мағынасы көмескі, тіптен қажетсіз көрінетін сөзді өз орнымен, дәл мезетінде шебер де шынайы қолдана білсе ғана ол теңдессіз күшті құралға айналады. Бүгінгі ұлттық сөйлеу тілі мәдениетінің жоғары формасы ретінде шешендік - кең көлемдегі мәдениеттің ажырамас бір бөлігі қалпында қатты сезілуде әрі танылуда. Қазіргі таңда зиялы адамның сүреңсіз де сөлекет сөйлеуі, яғни іскер маманның сөйлеу мәдениетінің төмендігі а ң оқи және жаза білмеуі секілді ыңғайсыз көрінуі тиіс. Заманында Аристотель күллі а ң белгілі дәрежеде шешендіктану іліміне қатыстылығын анықтаған. Демек, іскер бизнесмен, мұғалім, заңгер, агроном, әлеуметтік сала қызметкері, саясаткер, менеджер, дін саласын уағыздаушы өз кәсібінің шарықтау шегіне жеткісі келсе, сөйлеу өнерін жете меңгеруі тиіс. Себебі олар адамдармен үнемі қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, кеңес беруге, ұстаздық етуге, ресми ретте шаршы топ алдында сөйлеуге тура келеді. Ал шаршы топ алдында сөйлеу үшін не айтатыныңды білу аздық етеді, бұған қоса, қалай айту керектігін білген жөн. Іскер маман сөз сөйлеуге даярланудың алғашқы кезеңінде мақсатына орай «Кімдерге сөйлеймін?», «Оларға не айтамын?», «Оларға бұны не үшін айтамын?» деген сауалдарды ойлануы тиіс. Егер де мәтінді өзге біреу әзірлесе, ол - тек сөздің жансыз сұлбасы ғана. Ендеше, бұнымен сөз сөйлеуші шешеннің көл-көсір әсер туғызуы мүмкін емес. Тыңдаушылар мінбедегі сөйлеушінің дисгормониясын бірден аңғарады. Іскер маманның сөйлеу мәдениетінің заңдылығы, табиғи арнасы ежелгі дәуірден бастау алады. Бұл шешендік өнерге қатысты ұлы данышпандардың түйіндерінде көрініс тапқан. Заңдылықтың табиғатын таразылап ұсынылар кейбір тұжырымдарға, пайымдауларға кезек берсек, төмендегіше түйіндерді әркез ескеру артық емес. Жинақтай айтсақ, іскер маманның жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениетінің болуына қойылар талаптар мынадай: тыңдаушыны қадірлей білу; сөйленген сөздің анық, дәл, айқын естілетін болуы; сөз сөйлеуде бет-аузыңның, қолыңның қимылын қатыстыру. Тыңдаушыларға көз қырын салып отыру; сөзді әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастамау; сөзіңнің қысқа әрі тұжырымды болуын қадағалау. Демек, шаршы топ алдында шешен сөйлеудің ең негізгі шарттары: сөз дұрыстығы; қысқалығы; эмоционалдылығы; байлығы; түсініктілігі мен дәлдігі. Вопрос 1. / 7 1. Мәтінде берілген ойды ретімен орналастырыңыз 1. Шешендік - мәдениеттің ажырамас бөлігі 2. Іскер маманның сөйлеу мәдениетіне қойылар талаптар 3. Іскер маманның сөз сөйлеуге даярлығы 4. Шешен сөйлеудің негізгі шарттары 5. Сөзді орынды қолдану - теңдессіз күшті құрал
Киіз үй-қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыста шыға берген. Киіз үй қатты соққан дауылдан жағылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.
Киіз үй үш бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ.
Шаңырақ деп, дөңгелек ағашты айтады. Ол оттың түтіні шығуына және күндіз үйдің ішіне жарық түсіруге арналған.
Кереге жіңішке қайыңнан жасалады.
Уық - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш.
Қосымша- түбірге жалғанатын сөз бөлігі. Қазақ тілінде қосымшаның екі түрі бар: жұрнақ және жалғау.
Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”). Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т.б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір жұрнақтар жеке сөздердің көмекші морфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы, “баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын/-тін” жұрнақғы “тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған – баратын, “келе тұрған – келетін”) жасалған. Жұрнақтардың бір тобы өзі жалғанған сөздердің мағынасын, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертуі жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын да, бір тобы жалғауларға жақын. Сондықтан олардың бір түрі модификациялық жұрнақтар, екінші түрі таза грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Модификациялық жұрнақ жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ тілінде модификациялық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады. Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену көрсеткіштері болып табылады.
Жалғау - сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік. Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.