1. Мәтінді оқып, жоспар құрыңдар. Мәтіндегі суреттің орнына қан- 2
дай баталар қосар едіңдер?
Су иесі – Сүлеймен
Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына
құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақ
тардың қолына су құйғызатын дәстүр бар. Аңыз бойынша бұл
117
VI БӨЛІМ. СУ - ТІРШІЛІК КӨЗІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗЕН-КӨЛДЕР. МОРФОЛОГИЯ
Қалалар бірден бой көтермейді. Оның құрылуы үшін ондаған, жүздеген, мыңдаған жылдар қажет. Сырт келбетін өзгертіп, уақыт талабына сәйкес дамиды. Әр ұрпақ оның жылнамасына өз үлестерін қосып, болашақты болжайды...
Астананың тұңғыш мерейтойы да он жылдықтармен емес, керісінше, ғасырлар бойғы ауыр сынақтар, үлкен жетістіктер, есте қалатын оқиғалармен өлшенетін өзіндік күрделі тарихқа бай.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімі қаламыздың тарихын түбегейлі өзгертіп жіберді. Кеңес Одағы ыдырап, елдің бәрі жұмыссыз қалып, ел енді ғана еңсесін көтере бастаған тұста бұл шешім үлкен сынға ұшырады.
Алайда, алғашқы он жылдың өзі осы шешімнің арқасында Қазақстан картасында бүкіл әлем тамсанатын, еліміз боп мақтанатын қаланың пайда болғанын көрсетті.
Қазақстанның жаңа астанасы бейнесінде саяси, рухани және пәлсапалық мән жатыр. Бұл - жай ғана мегополис емес. Бұл – мемлекетіміздің қайта жаңғыруы. Астана қазақстандықтардың арманы, мақсаты, болашағы мен үміті байланысқан қалаға айналған.