1. Мәтінді түсініп оқы Еліміз арзан электр энергиясын іздеуді мақсат етеді. Желдің күшімен өндірілген электр қуаты
халық шаруашылығына жұмсалады. Желдің күшімен алынатын электр энергиясы үйлерді
жылыту, жап-жарық ету үшін пайдаланылады.
Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылығы
көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдірсе, оның тиімділігі артады.
Республиканың кейбір су электр стансаларын біріктіріп, электр энергиясын өндірген тиімді. Қыс
айларында желдің күші көбейсе, жаз айларында азаяды. Ал, су керісінше, қыс айларында азайса,
жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Бұл-өте зор
энергия көзі. Біздің мемлекетіміз осы шараларды жетілдіру үшін жұмыс жасауда. Өзіміздің
елімізде мұндай жұмыстардың жасалуы- өте қуанышты жағдай.
2. Мәтін бойынша жоспар
1.
1. Мәтінге ат қой:
құрыңыз
2
3
Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді, Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.