1. Мәтінді түсініп оқы (оқылым). 2. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықта (жазылым). 3.Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыр (жазылым). 4. Көтерілген мәселе бойынша халықтың ауа райын болжауына өз көзқарасыңды білдір (жазылым).
-бұл кім? - деп, сұрайды мистер Рочестер қалаларында да өтті.
-мен, - деп жауап Джен Эйр. нәтижесінде, олар ойнады өтті."
Сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ.
(160 сөз)