1. Мәтінді тыңда. Асқардың жауабымен келісесің бе? Өз пікірінді айт. Арайдың сұрағы таусылмайды. Ал Асқар жауап беруден
шаршамайды.
1-ден кейін неге 2 келеді?
Олай болмаса, шатасып кетеміз ғой.
Асқа-ар, ана бұлттарды қарашы. Бір жағы аппақ, бір
жағы онша ақ емес екен. Кір-кір! Аспандағы топыракка
тиіп кеткен бе?
Асқар езу тартты:
Аспанда топырақ болса, басымызға төгіліп кетпей ме?
Топырақ жерде ғана болады. Әне, қарамайсың ба, бұлттар-
дың еш жағында жер жоқ. Оны көру үшін ұшақпен ұшып
бару керек...
Бекен Ыбырайым
• Мәтіннің соңғы бөлігіндегі алғашқы және соңғы сөйлемді көшіріп
жаз. Етістікті тауып, шақ түрлерін ажырат.
• Мотінде қандай сан есімдер кездесті?
дара сан есім
күрделі сан есім
Қазақстан тәуелсіздігі туралы.
Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Содан бері жиырма сегіз жеті жылдан артық уақыт өтті. Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің жаңа астанасы бой көтеріп, Қазақстан әлемдік картада өз орны бар мемлекет екенін мойындатты.
«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!