1.Мәтінді тыңдаңыз(оқыңыз). Проблемалық сұрақтарға таңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз. 2. Жұбыңыздың жауабын тыңдап, өз жауабыңызбен салыстырыңыз. Көзқарастарыңызда ұқсастықтар немесе айырмашылықтар бар ма?
Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы, елордамыз, отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі Астана қаласының туған күні құтты болсын! Өркениетті еліміздің бас қаласы қарыштап дамып келеді, небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді! Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар! Бас қаламыз жасай берсін, жайнай берсін, гүлдене берсін! Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап өткен болатын! Сондықтан осындай жемісті күндеріміз көп болғай! Астанамыздың туған күні тағы да құтты болсын!
Балқаш - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген теңіздің қалдығы болып есептелінеді. Көл Сарыарқа мен Сары- Есік құмдарының аралығында орналасқан. Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеп кетті. Қазіргі Балқаштың ұзындығы 614 км, ең терең жері 26,5 м. Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Ұзынарал бұғазы Сары-Есік пен Балқашты байланыстырады. Соның нәтижесінде көлдің батысының суы тұщы, ал шығысында ащы. Себебі көлге негізгі суды Іле өзені құяды. Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы батпақты жерлері мемлекеттің қорғауына алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, ақбалық, ақмарқа, т.б. 12 түрі кездеседі.
Астананың туған күніне құттықтау.