1. Мəтінді тыңдаңыз. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз (пайдалы қазбалар, «жасыл экономика», экологиялық қауіпсіз) Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман кесіліп жатыр. ХХ ғасырда пайда болған «Жасыл экономика» табиғи қорды тиімді пайдалануға, оны сақтауға бағытталған. Қуат көзін не знергияны үнемдеу үшін экологиялық қауіпсіз, арзан технологияларды қолдану керек. Соның есебінен көптеген нəтижеге қол жеткізуге болады. «Жасыл экономиканың» халықты жұмыспен қамтуда да пайдасы көп. Баламалы энергетиканы табу керек. 1. Электр энергиясын өндіру барысында –––––––––––––––––––––––––– азайып келеді. 2. Табиғи қорды сақтау үшін –––––––––––––––––––––––––––––– пайдалану керек. 3. Баламалы энергетика - –––––––––––––––––––––––––––––– арзан технология. 2. Мəтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 3. Сурет бойынша есімдіктерді қатыстырып мəтін құра. Рисунок к 3тапсырма
Режисер Эмир Байғазинның "Үндестік сабақтары" атты қазақстандық кинокартинасы "Әлемдік кино қоры" (Berlinale World Cinema Fund) сыйлығын қанжығасына басты. Бұл отандық жоба әлемнің 43 елінен түскен 122 өтініштің арасынан таңдалып, бірінші орынға табан тіреген. "Әлемдік кино қоры" 2004 жылы Берлин кинобайқауында "Жаңа эстетикалық амалдар арқылы мықты оқиға мен бірегей көркемдік танымы бар кинотуындыларды жарыққа шығару" мақсатымен құрылған болатын. Жыл сайын бұл қор көптеген кинофильмдерге қаржылай сыйақы беріп тұрады."Біздің жұмыс - таптырмас жеңілдік. Біз сансыз оқиғалармен жұмыс жасап, әлемді көзбен бір шалып өтеміз.Сөйтеміз де, ең мықты жобаны нағыз көркемдік тәсілмен жасап шығарамыз", - дейді "Үндестік сабақтары" кинофильміне жауапты қор қызметкері Винченцо Буньо. "Әлемдік кино қоры" қолдаған кез келген туынды көркемдік күшке ие. Қордың сыйлығын алған кинофильмдер әлемге терезесін ашып, отандық киноөндірістің қаншалықты жұмыс жасап жатқандығын көрсете алады", - дейді неміс Федералдық мәдениет агенттігінің көркемдік жетекшісі Гортензия Фелькерс.Туындының режисері мен сценарий авторы Эмир Байғазин Азиялық киноакадемия мен Берлин Talent Campus-тың қатысушысы. Оның көптеген қысқаметражды туындылары әлемдік сыйлықтарды иеленіп жүр. Режисер Эмир Байғазин"Үндестік сабақтары" атты киножоба Локарнодағы Open Doors форумында көрсетілді. 2011 жылы жоба "Қазақстандық киножобалар сатылымында" (Spotlight: New Kazakh Cinema) жеңіске жетті. Содан кейін көп кешікпей Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясынан шығарыла бастады. Фильмнің продюсері Анна Качко ("Жаужүрек Мың Бала", "Байқоңыр") - Еуропалық кинопродюсерлер қоғамының мүшесі."Әлемдік кино қорының" сыйлығы бұл фильмнің жалғыз жетістігі емес. "Үндестік сабақтары" Сараевта өткен 18-Халықаралық кинобайқауда Work-in-Progress бағдарламасының бас жүлдесіне ие болды. Немістің жетекші Post Republic кинокомпаниясы кинофильмдегі монтаждық жұмыстарға көмегін білдіріп, қалған тірлікті Берлинде жалғастыру үшін Режисер Эмир Бағазин мен қоюшы-оператор Азиза Жамбакиеваны шақырған.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. 1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз . Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi. Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды. Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.