1. Мәтінді тыңда, жүргізіп оқы. Қарамен берілген сөздерге қарап, ереже құра.
Жантөре: Жайна, саған қандай жыл мезгілі көбірек
ұнайды?
Жайна: Әрине, көктем көбірек ұнайды.
Жантөре: Не себепті көктемді бәрінен артығырақ көре-
сің?
Жайна: Өйткені көктем қысқа қарағанда жылырақ, ал
жазға қарағанда салқынырақ.
Жантөре: Меніңше, бәрінен күз мезгілі жақсырақ.
Ыстық та емес, салқын да емес. Бәрінен бұрын күзде бау-
бақша піседі. Айнала сары алтындай болады. Тезірек күз
болса екен,
Адам өміріндегі ең маңызды, әрі жауапты сәттердің бірі – мамандық таңдау. Өйткені, бұл шешім сенің өміріңді өзгертіп қана қоймай, болашағың, ертеңгі күнің болмай ма? «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» дегендей, қазір сан мамандық иесін таңдаудың жолында тұрмыз. Осы жолда адам бойындағы өмірлік құндылықтары, кəсіби бағыттылығы анықталады. Менің ойымша, әрбір адам өз түйсігіне сеніп, жүрек қалауымен болашақ мамандығын таңдауы керек. Осының бәрін түсіне отырып, мамандық таңдауға мен де барынша құлшына кірістім.
Менің таңдаған мамандығым – бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның, қиялымда кеңге жайған асқақ арманымның нәтижесі. Ол – журналист болу. Қарапайым журналист емес, жаһандық аренада танымал қазақ журналисі болу. Қазақ еліндегі журналистика саласының беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңесуіне өз үлесімді қосу.
Журналист болғым келеді!.. Бұл ой маған ғайыптан, не болмаса, ата-анамның қалауынан келген жоқ. Қазіргі жүректегі «журналист боламын» деген жалын оты бала кезімнен тұтанып, жүрегімнің түкпірінен орын алған болатын. Бірақ, анам сияқты мұғалім боламын деп немесе ақ халатты абзал жан – дәрігер боламын деп біраз уақыт жүрдім. Дегенмен де, жүрек қалауымен журналист болуға белімді будым. Бала күнімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсіріп, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап…» деп талмай еңбектеніп, қажырлы жұмыс жасап, бойымдағы шығармашылық қабілеттерімді дамытып жатырмын. Бұл мамандық әдеби тілді, сауаттылықты қажет етеді деп түсінемін. Әрдайым газет-журналдарды оқи отырып, әр тақырыптағы мәселелерді зерделеп, ой елегінен өткізіп отырамын. Іздене отырып, менің де журналистикаға деген құлшынысым арта түседі. Өзімді шыңдау үшін әртүрлі сайыстарға қатысып өзімді сынап келемін. Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды.
Әр адам кез-келген нәрсені өзі істеп көрмейінше үйрене алмайды. “Көз қорқақ, қол – батыр” деген нақылдың мағынасы да сол қисынды түсіндіреді. Ал журналист тыңдарманды өз сөзіне сендіруі үшін әуелі өзіне-өзі сенімді болуы керек. Оның сенетіні – өзінің бойындағы қабілеті, құндылықтары. Өзімнің де көзім жетуі үшін, қала ішінде осы шеберлікке үйрететін ұйым іздеуге кірістім. Менің талпынысым зая қалмады, қаладағы балалар мен жастардың шығармашылық сарайының «Репортер» атты шығармашылық бірлестігінде бойымдағы қабілеттерімді дамытып келе жатырмын. Бұл ұйымның жетекшісі: «Репортер» шығармашылық бірлестігі сендерді тележурналистика саласының жұмысымен таныстырып, осы саладағы мүмкіндіктеріңді ашар. Мүмкін болашақта біреулерің бұл мамандықты таңдап, халыққа, мемлекетке қол ұшын тигізерсіңдер деген үміттемін» – деді. Бұл шығармашылық бірлестігі мені журналист мамандығының қыр-сырымен таныстырды. Менің журналистикаға деген көзқарасым кеңейіп, құлшынысым одан сайын арта түсті.
Журналистика – қиын да, қызықты мамандықтардың бірі. Тапқырлық, шыдамдылық пен батылдықты қажет ететін мамандық. Дегенмен, қызығы мен шыжығы қатар жүретін қызықты мамандық та. Меніңше, журналист еңбекқор болуымен қатар, жауапкершілігі мол тіл жанашыры болуы тиіс.
Журналист – қарапайым халық пен қоғам арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек әділдікті жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.
Менің ойымша, журналист әрқашан қоғамдағы барлық саладан хабары бар, жан-жақты, дүниетанымы кең болуы керек. Себебі, ол сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға. Оған дәлел ретінде Н.Михалковский: «Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады» деп айтқан. Сондықтан, журналист қоғаммен байланысын үзбейтін «халықтың көзі, құлағы һәм тілі».
Мен журналистика мамандығының хас шебері болуды армандаймын. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теру – білікті маман иесі болу жолындағы қадамның бірі. Сол жолда ұшқыр ойыммен, киелі қаламыммен қасқайып қарсы тұратын асқақ ойлы азамат боламын деп ойлаймын. Ол үшін жоғарғы білім алып, халқыма адал қызмет етемін. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді. Кім біледі, мүмкін, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?!
Қорытындылай келе, менің арманым – менің болашағым. Болашақта өз ісімнің шебері болып, өз саламның шыңына табан тіреп тұратын күнге де жетемін деген үміттемін. Сондықтан жігерімді шыңдап, арманымды алдыма үміт етіп, жүрек қалауымды жасадым. Мен журналист болғым келеді!
осы жауап дұрыс 100%
БасыГаджеттерПернетақтамен жұмыс істеу ОП-ОҢАЙ: құпиясын БІЛІП АЛҒЫҢЫЗ келе ме? Пернетақтамен жұмыс істеу ОП-ОҢАЙ: құпиясын БІЛІП АЛҒЫҢЫЗ келе ме? 12.04.2019 19:36010 074 Қазіргі заманауи технологиялар заманында компьютерсіз жұмыс істеуді елестете алмаймыз. Ал Сіз өзіңіз қолданатын пернетақтаның пайдалы құпияларын білесіз бе? иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден Көптеген мақалаларды немесе қандай да бір бағдарламаны орнату нұсқаулығын оқығанда, пернелер комбинациясын кездестіруге болады (мысалы: Ctrl-C, Ctrl-V, Win-R, Alt-Tab, Alt-F4 және т.б.). Егер Сіз әлі күнге дейін олар жайлы білмесеңіз, онда біздің мақалада таныса аласыз. Оларды қолдану өте пайдалы әрі оңай. Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қатысты келесідей топтарға бөлінеді: • Енгізу пернелері (алфавиттік-цифрлық) – мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер. • Басқару пернелері – бұл пернелер жеке немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне және ESC қолданылады. • Функционалдық пернелер – арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12-ге дейінгі пернелер тізбегінен тұрады. • Орын ауыстыру пернелері – бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және мәтінді түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер, сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN, DELETE және INSERT пернелері жатады. • Сандық пернетақта – бұл бөлім сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес жинақталған.
Ескерту!
ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.