1. Мәтінді зейін қойып оқып, мәтіннен етістерді табыңыз Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің санын 40-тан 600-ге дейін өсірткізген. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті . 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып , коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
Жаз
Сәуірде көтерілер рахмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы.
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Менің Түркияға алғаш саяхатым.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем деболады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әрі сапарларымыз көп болғай!