1. Мәтінді зейін қойып оқып, мәтіннен етістерді табыңыз Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің санын 40-тан 600-ге дейін өсірткізген. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті . 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып , коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
Табысты адамдар таңертең ерте тұрады (себебі бұл сөз 3-жақта айтылып тұр). Бірақ бұл өте ерте тұрып алуды көздемейді. Тек сіз үлгеретін уақытыңызды анықтап алыңыз, сосын сол уақытта (түбір сөз қатаң дыбыстан аяқталып тұрған соң, оған жалғанатын қосымша да қатаң дыбыстан басталуы керек) тұрып үйреніңіз. Бизнесмендер (бұл жерде көптік мағынада айтылып тұр) әрқашан да жұмысқа ерте барады. “Ерте тұрған адамның ырысы да, бір ісі де артық” екенін ұмытпаңыз. «Pepsi» компаниясынің бұрынғы төрағасы – Стив Рейнмунд таңғы 5.00-де тұрып, 7 шақырымды жүгіріп өтеді екен. Ал “Apple” компаниясының бас директоры Том Кук таңғы 5.00-де жаттығу залында (сөздің түбірі жуан дауысты дыбыстан болған соң, оған жалғанатын қосымша да жуан) болады. Табысты адамлар бір күннің жоспарын жазып алады. Күнді қалай өткізетінін біледі (себебі 3-жақта айтылып тұр). Өйткені әр минуттің олар үшін құны бар. Олар жоспардағы істерінің тәртібін (нені? деген сұраққа жауап беруі керек) бұзса, талай мәселелері шешілмей қалатынын түсінеді.