1. мәтінді зейін қойып тыңдап, мазмұнын жұпта талқылаңыз. былғары қолғап шебері қонақбаев серік керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні павлодар қаласында дүниеге келген. әкесі қонақбаев керімбек техника ғылымының кандидаты. шешесі қонақбаева ған темірғалиқызы мұғалім болған. қазақтың атын күллі әлемге танытқан серік ағамыз ксро-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. былғары қолғап шеберіміз жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы халықаралық х.а.яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген . серік қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. спортшының атақтарына келетін болсақ, ол ксро халықтар спартакиадасының және ксро чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ серiк қонақбаевқа бұйырған. әлем кубогінің иегері мәскеуде өткен ххіі олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ксро чемпионы. мәскеу олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, серік қонақбаев оқыған жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. бұл қазақ боксының үлкен ықпал етті . 1981-1987 жылдары серік керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып , коммерциялық «қазақстан» спорт клубының, қр кәсіпқой бокс федерациясының, қр президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. серік қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған. 3 детальди тауып жазындаршы
Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.
"Әуежайдағы танысу" диалог.
– Сәлеметсіз бе?Мына орын бос па екен?
– Сәлеметсіз.Әрине,бос.Отыра беріңіз.
– Жарайды.Рахмет.
– Қай жаққа жол тарттыңыз?
– Бұйырса Нұр-Сұлтанға.Сіз ше?
– Мен де.Атыңыз кім болады.
– Әмина.Сіздікі ше?
– Сәуле боламын.Танысқаныма қуаныштымын.
– Мен де.Жайша бара жатырсыз ба?
– Қызым оқиды Нұр-Сұлтанда.Бітіру кешіне барып келейін дегем.Өзіңіз?
– Жұмыс бабымен.Конференцияға қатынасу керек еді.
– Солай деңіз.Әуежай,вокзал дегенге 1-2 сағат бұрын ерте келіп отырмаса болмайды.
– Дұрыс айтасыз.Кешігесіз де қаласыз.Жолды жауып тастауы мүмкін мысалы.
– Мен солай кешігіп қалғам.Содан кейін ерте келіп отыратын болдым.
– Түсінікті... Біздің ұшақты хабарлап жатыр.Тұрайық.
– Жарайды, жүріңіз.