1. Мәтіндерді оқып, салыстырыңыз. Түрін анықтыңыз. 1-мәтін
Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы
кезінде жеңіске жетудің жоллын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген,
Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің,
образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс елеңдерінен көреміз.
Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал - мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі
қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен
көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің
эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сезді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби
Тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.
2-мәтін
Мәңгілік Ел – арманымның асқары.
Мәңгілік Ел – бақытымның бастауы,
Мәңгілік Ел – тарихымның дастаны,
Мәңгілік Ел Нурлы жолға бастады,
Мәңгілік Ел – шежіресі даламның,
Мәңгілік Ел – ақ тілеуі анамның
Мәңгілік Ел – мәңгілікке аманат.
ангілік Ел – Нұрлы жолы бабамнын
Телевидение туралы мәлімет
Телевидение сөзі екі сөзден құралған -“tele” - грек тілінен аударғанда "алыс", ал video — латын тілінен аударғанда "көремін" дегенді білдіреді; жаңа латын тілінде televisio — алыстан көру дегенді білдіреді. Телекөрініс – қозғалмалы бейнелерді радиоэлектронды құрылғылардыңкөмегімен тарататын техника саласы. Телебейне таратушы түтік және кинескоп электронды телекөрініс жүйесінде 20 ғасырдың 30-жылдарының ортасында пайдаланыла бастады. Қазіргі телекөрініс жүйесінің дамуы кескіннің айқындылығын жоғарылатумен, оралғыға тұрақтылығын (кабельді телекөрініс) және қашықтығын арттырумен (серіктік телекөрініс) байланысты. 20 ғасырдың соңында цифрлы телекөрініс пайда болды. Қазіргі кезде интернет көмегімен интерактивті телекөрініс (“Тапсырысты телекөрініс”) – телекөрермендердің сұранысын орындау (ҚP-теледидары, TVoҚP, VoD) іске асырылды. Радиохабармен қатар Телевидение – ақпарат таратудың неғұрлым кең қолданатын бұқаралық құралы және ғылыми, ұйымдық, техникалық, басқа да қолданбалы мақсаттарда (мысалы, өнеркәсіп пен көліктегі диспетчерлік бақылауда, ғарыштық және ядролық зерттеулерде, әскери істе, т.б.) пайдаланатын байланыстың негізгі құралдарының бірі болып табылады.