1. Мәтіндерді оқып, өздерің сұрақтар дайындаңдар(4). Ат қоюда қазақ халқының қандай Жаңа туған сәбиге ат қою - ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға
дәстүрлерін байқауға болады?
Шөп-
(Сейіт Кенжеахметұлы)
қазақ халқы ерекше көңіл бөлген.
Қазақта балаға ат қоюдың жолы мен сәттері көп. Шөп шауып жатса
тібай деп, Наурыз айында туса – Наурызбай деп, айт күні туса - Айтбай деп те
қоя салады. Сол сияқты қыз бала туа берсе, Ұлболсын, Ұлтуған, Ұлмекен дейді.
Көз тимесін деп Бишай, Көтерші, Қосқұлақ, Итемген, Күшік деп те қойған
Қазір Бауыржан, Абай, Олжас, Сәкен, Абылай, Фаризалар көп. Бұлар – сол
кісілердей болсын деген ырымнан қойылған есімдер.
Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім
беруге тырысады. Кейбірі ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді
қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімдерін, кейбірі
ежелгі есімдерді қояды. «Жаңа туған сәби болашақта құрметті, үлкен азамат
болсын» деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа
салады.
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.