1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Тірек сөздер:
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Тірек сөздер:
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.
Тірек сөздер:
Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.
Тірек сөздер:
2. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз.
Тақырып:
3. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз.
1-мәтін
Бәтеңке,
Шұжық,
Балқаймақ,
Дүкенде тұрып ұрысты.
Бәтеңке шықты айғайлап:
Айту керек дұрысты!
Сен екеуің кімсіңдер,
Мені айтындар мүлік деп,
Құр мақтанып жүрсіндер,
Жұрт та сырттан күліп көп.
...Білмейсіндер, өмірге
Кім пайдалы, кім мықты,
Кәне, екеуің жеңіл де,
Мойындаңдар шындықты.
...Таласты олар ұзақ түн,
...Кетті айтыс ұзап тым,
Бір бітімге келмеді...
Бақта оянды әнші құс,
Ай да қалғып барады.
Шымқай тартты күн шығыс,
Алтын арай тарады.
Бәтеңке,
Шұжық,
Балқаймақ,
Жатыр әлі айғайлап...
Бірін-бірі мінеді,
Керкілдесті, керісті.
Жүгінетін біреуді,
Табалық деп, келісті
2-мәтін
Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын Алатау – табиғаты әсем Қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. Оның қазақ үшін орны бөлек. Алатауды ән-күйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә…
Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы құтты – ауасы таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде
– орман, аңғарында – шалғын. Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатау аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.
4. Салыстыру аспектілері
1-мәтін
2-мәтін
Стилі
Жанры
Мәтін түрі
Мәтіндерге ат қойыңыз.
1-мәтін
2-мәтін
5. «Отан отбасынан басталады» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Очень заранее большое