1.Мәтіннің мазмұнын түсініп оқы.Төмендегі тапсырманы орындаңыз. Абай Құнанбайұлы.Табиғат лирикасы.
Абай Құананбайұлы –қазақтың ұлы классик ақыны, философы, композиторы. Абай Құнанбайұлы ШҚО-да 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим, әжесі еркелетіп Абай деп атап кеткен, сондықтан ақын тарихта сол есіммен белгілі болды. Абайдың әкесі – Құнанбай оқуды, білімді бағалаған адам. Анасы Ұлжан да сабырлы, тапқыр болған.
Әкесі Абайды Семейге Ахмет Риза медресесіне оқуға берді. Семейде жүріп Абай Приходская школаға түсіп, орыс тілін үйренеді. Абай бала кезінен зерек, ұтқыр, ұғымтал болған. Өлеңді ерте жастан шығара бастаған ақын, алғашқы шығармаларын Көкбай атынан жариялаған.
Абай шығармашылығында табиғат лирикасы ерекше орын алады. Абай табиғат аясында өсті де, табиғатты сүйе білді. Қазақ поэзиясына Абай жаңа түр, жаңа форма әкелді. Оның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері ерекше. Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдерін оқып отырғанда, жыл мезгілдерінің суреттерімен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлері көз алдыңа елестейді.
« Қыс» өлеңінде жыл мезгілін адам бейнесінде беріп, кәрі құдаға теңей отырып, Абай қазақтың :«Құданы құрметтеймін»- деп әлекке түсетінін айтып өтеді. Қыста қатты боран, аяз болатынын шебер суреттеген.
2020-шы жылы Қазақстанда Абайдың мерейтойына арналған халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті.
1-тапсырма . Мәтіндегі негізгі үш ақпаратты анықтаңыз. 3 ұпай
1
2
3
Это казаский язык памагите даю 70б
2–тапсырма. Мәтін бойынша 3-сұрақ құрастыр. 3 ұпай
1
2
3
3-тапсырма.
-Суреттерде жылдың қай мезгілі бейнеленген ? 1 ұпай
-.
4–тапсырма 1 ұпай
-Абай Құнанбайұлының жыл мезгілдеріне арналған қандай өлеңдерін білесің ?
- .
5- тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал-мəтелдерді жаз.
Қажетті сөздер : қар, найзағай, жазда
1.Қыстағы - жерге ырыс,
Жердегі ылғал - елге ырыс
2.Қыста қысыл, жадыра.
3.Нөсер алдында ойнайды. теперь 90 даю если можно еще это
Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.