1. мәтіннен омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір бөлек теріп жазып, омоним сөздерді жасалу жолдарына қарай саралап шығыңыз.
қызара бөртіп, шығар күнді маңдайға ала қос жолаушы атқа қонды. ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме! – депті (қазыбек би). әкемнің иығындағы осынау бас маған ес білгеннен бермен таныс, көз алдыман күн-күн сайын кетпейтін жұмыр жердің өзі сықылды. ендеше әкемнің басы, анау қысықтау келген өткір көз осы көз баяғыда бі тым ертеректе, менің кезімде болар, жұмыла жаздап, мәңгіге жарық дүниемен қоштаса жаздап, шиеттей -шағасының көз жасы сақтап қалған еді ғой; осы көз ол шақта әлдеқайда отты, әлдеқайда ойлы, ұшқын атқан жастықтың, өмірге деген іңкәрліктің жалынына толы болатын. жас шақта шапқылап-шапқылап алудың сөкеттігі жоқ, ол – ға тән ерке қылық екенін түсінбейді дейсіз бе? екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, аузынан жалын шығып жатыр екен (шешендік сөз). тілі мен жағына сүйенген біреу (ауызекі). тау іші болған соң жұқалтаң шық түсіпті, күннің алғашқы сәулесінен-ақ көзі жаудырап, бу босанып жатады. елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні аттарына қар тепкізеді, қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдерден де асады (шешендік сөз). мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанда. шелтірейтіп орысың, шенді шекпен жапқанға (абай). бұл сөз ерден апасына болысып, үйдің керегесін жайысты (с.бегалин). арық атқа қамшы жау (мақал). күй бітті. бұл жолы ешкім үндемеді. атын да сұрамады (ә.кекілбаев). арық бойларын мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастайды (б.момышұлы). қорыққа жайылған мал боранды аса елей қойған жоқ (с.бегалин). су ішкелі бір өгіз барып еді бұлаққа, бақалар қорқып тарбақтап, қашып шықты әр жаққа (абай). өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар. жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. тұмау түбі – құрт болар, тұман түбі – жұт болар. ақылдың түбі – құт болар (төле би). астындағы жалғыз ат қанат емей немене? жолмен бірге оралып келіп, бақтығұл жатқан ернеу жолға таман алдыңғылары өрлеп көтерілуге айналды (м.әуезов). сол бір білінер-білінбес жіп-жіңішке пышақ дағы түскен нарт қызыл алма кеше бұның алдынан қайтқан-ды, жаңа тамақ үстінде қызметші әйел алтын табаққа салып тағы әкеліпті. сонда өзегінен құрт шыққан алма (ә.кекілбаев). өреге жайылған құртқа тимеңдер (ауызекі сөйлеу тілі)
Сұңқардың пайдасы Бұл құстар планетаның табиғи тепе-теңдігін сақтау үшін өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, өсімдіктерге зиян тигізетін тышқандар мен кеміргіштердің көзін құртады. Қарға және сауысқан сияқты құстар, басқа құстардың ұяларын бұзып, жұмыртқаларын жейді. Ал, сұңқар олардың санын азайтып отырады. Көптеген адамдар сұңқарды асырап алуға тырысады, ол бүркітпен қатар, аңшының ең адал және сенімді досы болып саналады. Аң аулау кезіндегі ең пайдалы қасиеті – көру қабілеті. Ол өз олжасын 1 километр қашықтықтан байқап қалады.
Аталары ағашты тамырымен жұлған
Қажымұқан Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан. Аталары: қыпшақ Тоқтарбай, одан кейін Қобыланды, Тірлікбай, Ойбас, Ұзын, Алтыбас, Қарыс, Жоламан, Санбай, Шадибатыр, Ернақ және әкесі Мұңайтпас.
Атасы Ернақ ерекше күштің иесі болған дейді және өз немересіне қазақша күресті үйреткен. Ал нағашы атасы Лек палуан ағаштарды тамырымен жұлған деген аңыз бар. Әкесі Мұңайтпас та өте күшті адам болды. Күрес жарыстарына қатысып, "жуанаяқ палуан" деген атпен танылды.
Мұңайтпасұлы құжат бойынша 1871 жылы 7 сәуір күні қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Алайда оның туған жеріне қатысты басқа да пікірлер бар. Зерттеушілердің бір тобы оны Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 1883 жылы дүниеге келді деп пайымдайды.
Мұңайтпасұлы 17 жасында танылды
Қажымұқан жастайынан байларға жалданып,
Қажымұқанның жеңісті жолы қалай басталды
1905 жылы Қажымұқан алғашқы ірі жетістігіне қол жеткізді. Харбинде өткен жарыста Мұңайтпасұлы "джиу-джитсу" күресінен алтын медаль жеңіп алды. Осы додадан кейін "Маньчжурия чемпионы " деген атаққа ие болды. Ал бір жылдан кейін Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста топ жарды.
Троицк қаласында өткен жарыста Қажымұқан неміс палуаны Вестергард Шмидт, француз Фисури Колос, эстондық Тигане, орыс Петров және тағы басқа атақты спортшылардан басым түсті. Ал бір жылдан кейін Нижний Новгородта тағы бір жарысқа қатысты.
Сол сайыста неміс палуаны Вестергард Шмидт жеңілетінін біле тұра, Қажымұқан орындай алмайтын шарт қойған. Ол 100 сом көлеміндегі жеке сый үшін ғана күресемін деп шықты. Мұңайтпасұлы көрермендерден көмек сұрайды. Ақша табылады. Ал Қажымұқан тағы да жеңімпаз атанады.
Саракикиге қарсы жекпе-жек
Қазақ палуанының жапон палуаны Саракики Джиндофумен болған жекпе-жегін ерекше атап өткен жөн. Француз күресінен ресми чемпионат аяқталғаннан кейін Саракики кілемге шығып, джиу-джитсудан кез келген палуанды жеңе аламын деп жиналған спортшыларды жекпе-жекке шақырады. Сонда Мұңайтпасұлы оған қарсы шыққан.
Жекпе-жек кезінде Саракики қазақ балуанының құлағы мен астыңғы ернін жыртып жіберген. Соған қарамастан, Мұңайтпасұлы жапон палуанын алып ұрып, жерге жығады. Осы жекпе-жектен кейін Саракики қайтыс болды. Біреулер жүрегі тоқтап қалды десе, енді біреулер жынданып өлген дейді.
"Біздің арамызда өз дене бітімімен және күшімен кырғыз палуаны Қажымұқан ерекшеленеді. Оның иығы кең, орасан зор күші және ұзын қолдары болды, ол күресте өте маңызды… Палуандардың көпшілігі одан қорқатын және күреске түскісі келмейтін ", - деді тәжірибелі палуан Николай Турбас өзінің бір естелігінде.
Қажымұқанның физикалық сипаты
Палуанның лақап аттары
Мұңайтпасұлы Қажымұқанның бірнеше лақап аты болған. Олар – "Ямагата Муханура", "Қара Иван", "Қызыл маска". Мәселен, "Муханура" деген лақап атты Қажымұқанға Иван Лебедев қойған. Ал "Қара Иван" деген лақап атты "төрт Иван" – Иван Поддубный, Иван Заикин және Иван Шемякинмен бірге өнер көрсеткен кезінде алған еді.