Қаратпа.1.Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді2., Атқа қонайық,жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты. 3. Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы...4.. Менің ойлаған ойымның үстінен түстің,Ботагөз5..Сөйлей бер, ақ домбырам, дүмбірлегендомбырам деген қаратпа сөз6..Түнде жыламас болар, қарағым. ҚЫСТЫРМА.1.Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.2Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді.3...Байқаймын,демалысқа шыққандарыны қатты қуанышты сезімде болып тұрсындар ғой.4Бәлкім,болашақта елі сүйетін мақтан ететін ғарышкер болармын...5Мүмкін,бүгін бізге арнайы тапсырма үшін баға қойатын шығар6..Біз бүгін, әрине, күндегіден ертерек .шығамызОДАҒАЙ1.Пах шіркін!Қазақтың сұлу да әдепті келіндеріне кім жетсін2.Паһ, мына палуан өз намысын жеберер емес 3Қап, барлық еңбектері далаға кетеді –ау! 4Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді. ...5. Па,шіркін! Даусы дауыс-ақ екен.6Жұмысты істеген соң осылай істеу керек,бәрекелді!.
Нан – ең қасиетті дәм. Кішкентай кезімізден ең алғаш аузымызға алатын тағам нан екеніне ешкімнің таласы жоқ. Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш таттыратынымыз да нан. Асығып тұрған кісі болса, «Ең болмаса нан ауыз тиіңіз» дейді үлкендер. Дастархан басында да ең алғаш нанды жеуден бастаймыз. Нансыз дастарханның да, ішетін астың да дәмі болмайды. Тіпті ғарышкерлер ғарышқа ұшқанда 4,5 грамм ғана нанды өздері үшін қуат тұтады екен. Бұл нанның құдіретті ас екендігін дәлелдейді. Сол үшін зауыттардан тәулік сайын миллиондаған нан пісіріліп, халыққа тынымсыз сатылады. Нанды қалай болса солай бөліп турай беруге болмайды. Оның ұсағының өзі киелі. «Нанның ұсағын жеген бала сауапқа қалады» деген сөзді ата-әжелеріміз көп айтады. Себебі , қиыншылық кездерде бір үзім нан көптеген жандардың жаныны жалау болып, өмірден үмітін үзбеуге себеп болған. Қазіргідей тоқшылық заманда біз секілді жастар мүмкін нанның қадірін тереңнен ұқпас. Кез-келген жерде тәтті тоқаштарды жеп кете береді. Жерде жатқан нанды көрсе алмайтындар да бар. Ойланбай қоқыстардың арасына тастай салады. Бұл әрине кешірілмес күнәдей сезіледі маған. «Бір тоқтықтың бір аштығы болады» деп дана халқымыз тегін айтпаған. Еліміздің күш-қуаты болып, дастарханымыздың тұздығын келтірген қасиетті нанымызды қадірлей білейік балалар.